Шевченко «Челси» тізгінін ұстай ма?

23.05.2012, 00:01
Шевченко «Челси» тізгінін ұстай ма?
       Украина ұлттық құрамасының және киевтік «Динамо» клубының ойыншысы Андрей Шевченко «Челси» тізгінін ұстауы мүмкін. 35 жастағы шабуылшы өзінің футболдағы карьерасын Еуропа чемпионатынан кейін аяқтамақ. Бұл туралы ағылшындық "The Daily Mail"  басылымы хабарлап отыр.     Биылғы маусымда «Челси» үлкен жетістіктерге жетті. Ағылшын кубогын иеленді. Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Осылайша Роберто ди Маттео жаттықтырған жігіттер жігерлене ойнап біраз шыңды бағындырды. Алайда Р. Абромовичтің бапкерге көңілі толмайтын секілді. Жаңа бапкер іздестіріп жатыр. Әзірге бұл команданың тізгіні бос тұр. Кім ұстары белгісіз? "The Daily Mail" басылымының хабарлауы бойынша «Челси» тізгінін А.Шевченко ұстауы мүмкін немесе шабуылшылар бапкері болуы ғажап емес дейді. Шевченко өзінің футболдағы карьерасын киевтік «Динамода» бастаған болатын. 1999 жылы Шевченко «Милан» сапына ауысып, 2006 жылға дейін жасыл алаңның жұлдызына айналды. Одан кейін бұл ойыншы лондондық «Челси» командасының сапына ауысты. «Ақсүйектер» сапында 48 ойын өткізіп, қарсылас қақпасын тоғыз рет дәл көздеген ойыншының «Челси» сапында жұлдызы жарқырады деуге келмейді. 2009 жылы киевтік «Динамоға» қайта оралды. Сонымен «Челси» тізгінін Шевченко ұстай ма, ұстамай ма? Оны уақыттың еншісінен көрерміз. Не де болса келесі маусымда «Челси»  құрамында біраз өзгерістер болатыны сөзсіз.  

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×