Мирослав Беранек алдағы ойындарға 23 футболшы шақырды

22.05.2012, 20:44
Мирослав Беранек алдағы ойындарға 23 футболшы шақырды
      Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек алдағы жолдастық кездесулерге шақырылған футболшылардың тізімін көпшілікке таныстырды. Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда ұлттық құрамамыз Алматының Орталық стадионында Қырғызстан құрамасын қабылдаса, 5 наурызда Ереванда Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындарға бас бапкер барлығы 23 футболшы шақырыпты. Дегенмен, резервте тағы бес ойыншы бар. Алдағы жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылар: Қақпашылар: Антон Цирин (Ақжайық), Андрей Сидельников (Ақтөбе), Алмат Бекбаев (Ордабасы). Қорғаушылар: Юрий Логвиненко (Ақтөбе), Михаил Рожков (Астана), Қайрат Нұрдәулетов (Астана), Мұхтар Мұхтаров (Астана), Марк Гурман (Қайрат), Нұртас Кургулин (Тараз), Александр Киров (Шахтер), Константин Энгель ("Энерги", Коттбус, Германия). Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин (Ақтөбе), Марат Шахметов (Астана), Ұлан Қонысбаев (Астана), Жамбыл Көкеев (Шахтер), Хайнрих Шмидтгаль («Гройтер Фюрт», Германия), Бауыржан Исламхан (Тараз), Бауыржан Жолшиев (Тобыл). Шабуылшылар: Сергей Остапенко (Астана), Таңат Нөсербаев (Астана), Сергей Гридин (Астана), Дәуренбек Тәжімбетов (Ордабасы), Сергей Хижниченко (Шахтер). Резервте: Давид Лория (Ертіс), Александр Кислицын (Тобыл), Максим Азовский (Ақжайық), Виталий Евстигнеев (Ақтөбе), Серікжан Мұжықов (Жетісу). *** Ескерту:  Егер негізгі құрамдағы ойыншылар жарақаттанып қалса, резервтік құрамның футболшылары бас командаға қосыла алады.   28 мамырда ұлттық құраманың "Талғар" оқу-жаттығу базасында жиналатын футболшылар қысқа мерзімді дайындықтан кейін 1 маусымда Астана уақытымен сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында Қырғызстан құрамасын қабылдайды. Сөйтіп, 4 маусымда Ереванға ұшады да, маусымның 5-інде жергілікті уақытпен сағат 20:00-де Армения құрамасымен алаңға шығады.

алаш арена

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×