Футболдан 2013 жылы жалауы желбірейтін жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының (U-19) іріктеу турниріне даярланып жатқан Қазақстан құрамасы бұл күндері Беларусь елінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Аталмыш жарыс 11-16 қазан аралығында Босния мен Герцеговинада өтеді. Қазақстан футболшыларының қарсыластары - Норвегия, Словакия және алаң иелері.
Бірден айта кетейік, барлық командалар азулы. Сондықтан да жерлестерімізге жақсы даярлану қажет. Осы күнге дейін Беларусь елінде екі жолдастық кездесу өткізіп үлгердік. Алғашқы матчта Гродноның «Неманына» 1:2 есебімен есе жіберсек, келесі бәсекеде Минскінің «Партизанын» ұттық. Есеп - 3:1.
Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Михайл Соловьев бұл жиынға мына футболшыларды шақыртты:
Қақпашылар - Станислав Павлов («Ақтөбе»), Михаил Голубничий («Ертіс»).
Қорғаушылар - Дмитрий Моисеев («Шахтер»), Сергей Кейлер, Қасымжан Тайыпов («Қайрат»), Темірлан Әділханов, Мұрат Қаламбеков («Жетісу»), Рафкат Аслан, Аслан Сүлейменов («Бәйтерек»), Павел Халезов («Астана»).
Жартылай қорғаушылар - Елдос Асқарұлы («Жетісу»), Дмитрий Рыбалко, Владимир Воменко («Ертіс»), Олжас Ілиясов, Әлішер Сүлей («Тобыл»), Георгий Макаев («Қайрат»), Берік Шайықов («Бәйтерек»), Виталий Ли («Шахтер»), Алексей Родионов («Атырау»), Ринат Хайруллин («Астана»).
Шабуылшылар - Әлібек Нұрмағамбетов («Шахтер»), Біржан Сағындық («Ертіс») және Абат Айымбетов («Ақтөбе»).
алаш арена