ЖАСТАРҒА ЖАҢА БАПКЕР КЕЛДІ

08.12.2012, 06:11
ЖАСТАРҒА ЖАҢА БАПКЕР КЕЛДІ
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Басынан бақ та, бап та тайған жас құраманың тағдыры енді Белоруссия және Украина мамандарының қолына тапсырылды. Осыған дейін ұпай таратып, алаңнан бастары салбырап қайтып жүрген жастарымыздан жігер кетті деп налитын жанкүйер. Ол рас. Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі сәтсіздіктер Қазақстан футболының болашағын бұлыңғырлатып жіберген еді. Енді сол тұманды сейілту үшін жастарымызды (21 жас) Белоруссиядан келген маман Сергей Боровский баптайды. Ал олардың ізбасарларын, яғни 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді Украинадан келген  Константин Фролов жаттықтырады. аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Пікірлер жиынтығы
Серіктес жаңалықтары
×