Жастармен ойнаған «Қайрат» өз алаңында «Тұранға» есе жіберді

25.07.2021, 02:00
Алматылық клуб бар күшін Чемпиондар лигасының ойынына сақтауда.
Жастармен ойнаған «Қайрат» өз алаңында «Тұранға» есе жіберді

"Қайрат" Қазақстан Кубогінің үшінші туры аясында "Тұранды" қабылдады. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:1 есебімен түркістандық клубтың пайдасына шешілді.

68-минутта алаң ортасында "Қайрат" ойыншыларынан допты тартып алған Нұрғайни Бөрібаев Стэнлиге пас берді. Ал Нкоби айып алаңының сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп командасына жеңіс сыйлады. Алматылық клуб бұл ойында тек жас ойыншыларға сенім артты.

Алғашқы үш ұпайына қол жеткізген түркістандық клуб Д тобында ең соңғы орында тұр. "Қайрат" бір саты жоғары тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×