Жасур Нарзиқұлов бапкерлік жұмыстан бас тартып, жаңа клубқа ауысты

16.01.2022, 04:49
37 жастағы қақпашы футболшы ретіндегі мансабын жалғастырмақ.
Жасур Нарзиқұлов бапкерлік жұмыстан бас тартып, жаңа клубқа ауысты

«Мақтаарал» қақпашы позициясын нығайту үшін тәжірибелі қақпашы Жасур Нарзиқұловтың кандидатурасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Өткен маусымда 37 жастағы футболшы «Ақтөбенің» намысын қорғағанымен, жыл соңында командадан кетті.

Нарзиқұловқа «Ақтөбе» футбол орталығының жаттықтырушылар штабынан қызмет ұсынылды, бірақ Жасур футболшы ретіндегі мансабын жалғастыруды жөн көрді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаевтың да «Мақтааралға» ауысқанын хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×