Еуропада өнер көрсеткен қазақстандық футболшы ҚПЛ клубына қосылуы мүмкін

16.01.2022, 05:03
Футболшы қазір клубсыз жүр.
Еуропада өнер көрсеткен қазақстандық футболшы ҚПЛ клубына қосылуы мүмкін

27 жастағы Магомед Парагульгов «Атыраудың» оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін клубтың орналасқан жеріне келді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

«Атыраудың» жаңа бас бапкері Константин Горовенко футболшымен алматылық «Қайрат» сапында бірге жұмыс жасаған. Парагульгов «мұнайшылармен» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына баруы ықтимал, оның командадағы болашағына қатысты түпкілікті шешім сонда қабылданады.

Магомед Парагульговтың соңғы маусымда грузиялық «Торпедо Кутаиси» клубында доп тепті (8 матч). Футболшы «Ақжайық», «Эрмис» (Кипр), «Қайсар», «Ертіс» және «Қайрат» командаларында да өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×