«Ордабасы» Премьер-лигадан шеттетіледі

16.01.2022, 16:05
Көшбасшы футболшылардың қай командаға ауысатыны белгілі болды.
«Ордабасы» Премьер-лигадан шеттетіледі

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қаржы мәселесіне байланысты шымкенттік «Ордабасы» Премьер-лиганың келесі маусымына жолдама ала алмайды. Клуб ойыншылар мен қызметкерлердің жалақысын кешіктіріп отыр, сонымен қатар салық органдарына үлкен қарызы бар.

Бұрынғы футболшылар алдындағы қарызын тез арада жабуға тырысып жатқан «Оқжетпес» «Ордабасының» орнын иемденуге тырысады.

Сондай-ақ шымкенттік команданың орнын өткен маусымның қорытындысы бойынша Премьер-лигадан түсіп қалған «Қайсар» да басуы мүмкін.

«Ордабасының» көшбасшы ойыншылары түркістандық «Тұранға» ауысуға жақын. Олардың қатарында Еркебұлан Тұңғышбаев, Абдуллай Диакате, Бекхан Шайзада және бірнеше футболшылар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×