Испаниялық клубта ойнайтын қазақстандық футболшы «Ақтөбеде» қаралымнан өтеді

16.01.2022, 16:26
Футболшы испаниялық клубтың негізгі құрамына ене алмады.
Испаниялық клубта ойнайтын қазақстандық футболшы «Ақтөбеде» қаралымнан өтеді

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, испаниялық «Антекера» клубының вингері Дмитрий Бачек «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынына қатысады.

20 жастағы шабуылшы тамыз айында Испанияның төртінші дивизионында өнер көрсететін «Антекера» клубымен келісім-шартқа отырды, бірақ негізгі құрамның ойыншысы бола алмады. Болашағынан үлкен үміт күттіретін футболшының «Шахтерге» оралу мүмкіндігі болды, бірақ жаңа маусымда қарағандылық клубтың шабуыл шебінде бәсекелестік өте жоғары деңгейде болмақ.

«Ақтөбе» бар назарын қазақстандық және келешегі зор ойыншыларға аударуда, бұған дейін командаға «СКА-Хабаровск» клубынан Арман Кеңесов, «Шахтерден» Ескендір Қыбырай, «Қызыл-Жардан» Әлібек Қасым сияқты ойыншылар қосылған болатын, одан бөлек, Рамазан Оразов пен Максим Самородов бар. Бачек қаралымнан өтсе, Владимир Мухановтың командасында мансабын қайта жандандыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×