Стас Покатилов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

16.01.2022, 04:23
Оған қақпашысыз қалған клуб қызығушылық танытуда.
Стас Покатилов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақтөбе» Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловқа қызығушылық танытуда.

Қақпашы 2015 жылы «Ақтөбеде» ойнап, Ресей чемпионатына шақырту алды. Ал соңғы алты маусымды «Қайрат» сапында өткізді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Покатиловтің Виталий Кафанов жаттықтыратын «Ростовқа» ауысуы мұмкін екені хабарланған болатын. Ресейлік маман кезінде Стаспен «Ростов» пен Қазақстан құрамасында бірге жұмыс істеген.

«Ақтөбе» өз кезегінде өткен маусымдағы қақпашыларды керек қылмады. Келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан Жасур Нарзиқұлов пен Сергей Ревякин кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×