Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы еуропалық клубқа аттанды

15.01.2022, 23:37
Бұл команданы қазақстандық маман жаттықтырады.
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы еуропалық клубқа аттанды

Қазақстан жастар құрамасының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Мәди Жақыпбаев еуропалық клубта қаралымнан өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Астана» футболшысы алдағы уақытта литвалық «Жальгирис» клубының жаттығу жиынына қатысатын болады.

Айта кетейік, Литваның тоғыз дүркін чемпиондарын қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.

Жартылай қорғаушы елордалық клубтан бөлек, 2018 жылы қарағандылық «Шахтердің» намысын қорғады. Сондай-ақ Жақыпбаев Қазаұстан жастар мен жасөспірімдер құрамасына өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×