«Ақжайық» қақпашысы «Атырауға» ауысты

15.01.2022, 22:16
Қақпашы Премьер-лигадағы дебютін 26 жасында өткізді.
«Ақжайық» қақпашысы «Атырауға» ауысты

26 жастағы қақпашы Илья Караваев «Атырауға» ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Алматы футболының түлегі Илья Караваев бұған дейін «Қайрат» пен ЦСКА-ның жастар командасында ойнаған. «Алтайға» ауысқанымен, бірде-бір кездесу өткізбеді. 2018 жылы оралдық «Ақжайыққа» қосылды. Ол былтыр 26 жасында Премьер-лигадағы дебютін жасады. 6 матч өткізіп, 6 гол жіберіп алды.

Бұған дейін «Атырау» тәжірибелі қақпашы Владимир Логиновскиймен қоштасқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×