Обамеянг пен Дэвистің жүрегінде ақау пайда болды

15.01.2022, 18:26
Екі футболшы енді ғана коронавирустан айыққан еді.
Обамеянг пен Дэвистің жүрегінде ақау пайда болды

Коронавирустан айыққан «Арсенал» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгтың жүрегінде ақау пайда болды. Бұл туралы Габон футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Обамеянг Африка футбол конфедерациясының шешіміне байланысты алаңға шықпай жүр. Тексеріс нәтижесінде оның жүрегінде ақау бар екені анықталды.

«Баварияның» және Канада ұлттық құрамасының қорғаушысы Альфонсо Дэвис мюнхендік клубтағы жаттығуларын тоқтатты. Ойыншыға миокардит диагнозы қойылды, оны команданың жаттықтырушысы Юлиан Нагельсманн растады.

«Ол қазір жаттығуды тоқтатты, сондықтан алдағы апталарда алаңға шықпайды. Миокардиттің бұл кезеңі қауіпті емес. Дегенмен, ол емделуі керек», - деді Нагельсманн.

Айта кетерлігі, екі ойыншы да жақында ғана коронавирус жұқтырып, командадан оқшауланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×