«Тараз» директоры: «Алдағы бірнеше айда қарыздан толық құтыламыз»

15.01.2022, 18:10
Облыс басшылығы қарыздан құтылуды бірінші кезекке қойып отыр.
«Тараз» директоры: «Алдағы бірнеше айда қарыздан толық құтыламыз»

«Тараз» клубында директордың міндетін атқарушы Жандос Ахметов футболшылар мен қызметкерлерге өткен жылғы қарызын өтеуге уәде берді.

- Соңғы бір жылда клубта ойыншылар мен қызметкерлердің жалақысын қоса алғанда, белгілі бір қарыз пайда болды. Өкінішке орай, клуб бұл қарыздарды бірден жаба алмайды, өйткені адамдарға ағымдағы кезең үшін де жалақы төлеу қажет. Соған қарамастан, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ойыншылар мен қызметкерлер алдындағы барлық қарыздарды өтеуді міндет етіп қойды. Бірер айдың ішінде қарыздан толық құтыламыз деген жоспар бар.

Егер кімде-кім бұған күмәнданса, біз заңды күші бар жеке келісімге қол қоюға дайынбыз. Біз қазіргі кезде сабырлық танытуды өтініп сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×