Жазғы трансферлік терезеде ең көп ақша жұмсаған ТОП-10 клуб

Бұл тізімде әдеттегідей ағылшын клубтары көш бастап тұр.
Жазғы трансферлік терезеде ең көп ақша жұмсаған ТОП-10 клуб

Екі апта бұрын бұрын Еуропадағы трансферлік терезе жабылды. Біз өткен жазда жаңа ойыншыларды алу үшін ең көп қаржы жұмсаған клубтарды анықтадық. Бұл трансферлік терезеде футбол тарихындағы сенсацияға толы ауысымдар орын алды

"Вест Хэм" (Англия)

Шығындар: 74,50 миллион еуро


Лондондық клуб күтпеген жерден РПЛ ойыншыларына назар аударды және трансферлік терезенің соңғы күндерінде Никола Влашич пен Алекс Кралды сатып алды. ЦСКА-дан келген хорватиялық футболшыға "Вест Хэм" 30 миллион еуро жұмсады, ал "Спартактың" чехиялық жартылай қорғаушысы ағымдағы маусымның соңына дейін жалда ойнайды. Сондай-ақ лондондық клуб "Челсиден" 35 миллион еуроға Курт Зуманы сатып алды. Жұмсаған ақшасына сай "Вест Хэм" Премьер-лиганың жаңа маусымын сәтті бастады.

"Ренн" (Франция)

Шығындар: 79,50 миллион еуро

Трансферлік терезеде француз клубы Эдуардо Камавинганы "Реал Мадридке" 31 миллион еуроға сатты, сонымен бірге "Ланс" клубының орталық қорғаушысы Лоик Баде мен "Монпелье" шабуылшысы Гаэтан Лабордты қатарға қосты, одан бөлек 19 жастағы ганалық футболшы Камалдин Сулеманмен келісім-шартқа отырды.

ПСЖ (Франция)

Шығындар: 83 миллион еуро


Францияның вице-чемпиондары Лео Месси, Серхио Рамос, Джанлуиджи Доннарумма және Жоржиньо Вейналдумды еркін агент ретінде алды. ПСЖ тек "Интерге" Ашраф Хакими (60 миллион еуро) мен "Портуға" Данило Перейра (16 миллион еуро) үшін ақша төледі. Париждік клуб португалиялық "Спортингтің" 19 жастағы қорғаушысы Нуну Мендешті жалға алу үшін 7 миллион еуро жұмсады. Олар мықты құрам жасақтағанымен Чемпиондар лигасындағы жорығын сәтсіз бастады. Почеттино шәкірттері алғашқы турда "Брюггені" жеңе алмады (1:1)

"Рома" (Италия)

Шығындар: 97,75 миллион еуро

Жозе Моуриньоның Римге келуі көпшілік үшін күтпеген жаңалық болып көрінді. Португалиялық маман жаз бойы осы маусымда міндетті түрде Италияда жүлделі орындар үшін күресетін тамаша команда жинады. "Ростовтың" бұрынғы футболшысы Эльдор Шомуродов, "Челсиден" Тэмми Абрахам римдік клубқа қосылды (40 миллион еуро).

"Астон Вилла" (Англия)

Шығындар: 99,82 миллион еуро

Жазғы трансферлік терезеде бирмингемдік клуб 100 миллион еуроға жуық қаржы жұмсады, бірақ Джек Грилишті "Манчестер Ситиге" сату арқылы осы үлкен соманы қайтарып алды. "Астон Вилла" ағылшын футболшысының орнына "Норвичтен" Эмилиано Буэндия мен "Байерден" Леон Бэйлиді алды, сондай-ақ Дэнни Ингспен және Эшли Янгпен келісім-шарт жасасты.

"РБ Лейпциг" (Германия)

Шығындар: 107,62 миллион еуро

Юлиан Нагельсманн "Баварияға" кеткен соң, "РБ Лейпциг" басшылығы америкалық маман Джесси Маршты бас бапкер қызметіне шақырды. Жазғы трансфер терезесінде бұл бапкер 23 миллион еуроға Андре Силваны сатып алып, шабуыл шебін күшейтті. Загребтік "Динамо" клубынан Йошко Гвардиол мен "Манчестер Ситиге" тиесілі Анхелиньо да толыққанды "РБ Лейпциг" ойыншысы атанды.

"Челси" (Англия)

Шығындар: 120 миллион еуро


Лондондықтар тек екі ойыншы үшін осыншама көп қаражат жұмсады. "Челси" өз қателігін мойындап Ромелу Лукакуды клубқа қайтарды, ол үшін "Интерге" 115 миллион еуро төледі. Жартылай қорғаушы Саульді "Атлетикодан" 5 миллион еуроға жалға алды және "Фулхэмнің" 29 жастағы қақпашысы Маркус Бетинеллиді еркін агент ретінде қатарға қосты. Әзірге Томас Тухель командасы АПЛ-дегі 4 матчта да жеңілмей, екінші орында келе жатыр.

"Манчестер Сити" (Англия)

Шығындар: 127,5 миллион еуро


Манчестерлік клуб Джек Грилиш үшін 117,5 миллион еуро құртты. Көпшілігі әлі де бұл ойыншының "қала тұрғындарына" қажет еместігін айтуда. Бірақ ағылшын футболшысы бұл сөзді жоққа шығарып үлгерді. Сонымен қатар жазғы трансфер терезесінде "Манчестер Сити" Лео Месси немесе Криштиану Роналдумен келісім-шартқа отыруы мүмкін еді, бірақ "Сити" басшылығы таңдауды Грилиштің пайдасына жасады.

"Манчестер Юнайтед" (Англия)

Шығындар: 140 миллион еуро


"Манчестер Юнайтед" керек уақытта күшейіп, Роналдумен келісім-шартқа отырды, ол 12 жылдан кейін Манчестерге қайтып оралды. Оған қоса, "қызыл сойқандар" Рафаэль Варанды 40 миллион еуроға сатып алды, сонымен қатар Джейдон Санчо үшін "Боруссия Дортмундқа" 85 миллион еуро төледі.

"Арсенал" (Англия)

Шығындар: 165,60 миллион еуро



Лондондық клуб жазғы трансфер кезеңінде жомарттық танытып, "Брайтон" клубының қорғаушысы Бен Уайтты 58 миллион еуроға, "Реалдан" Мартин Эдегорды 35 миллион және "Шеффилд Юнайтед" қақпашысы Аарон Рэмсдейлді шамамен 30 миллион еуроға сатып алды. Одан бөлек, Такехиро Томиясу, Самби Лаконга секілді ойыншыларға да ақша төледі. Бірақ Микель Артета командасы маусымды өте нашар бастады. Тек төртінші турда "Норвичпен" болған матчта алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×