Жеке компания шағын футбол алаңын тұрғызды

20.09.2011, 19:19
Жеке компания шағын футбол алаңын тұрғызды
Мемлекет басшысы өз Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бизнес өкілдерінің атсалысуы қажеттігін айтқан еді. Бұқаралық спортты дамытуды алдымен ауылдан бастау қажет. Өйткені, шалғайдағы елді-мекендерде бүгінде спорттық нысандар жоқтың қасы.
Әлеуметтік жауапкершілікті көтерген жеке компаниялардың бірі Солтүстік Қазақстанда шағын футбол алаңын тұрғызды. Компания қаржысына салынған кішігірім стадион – Ғабит Мүсірепов ауданының жастарына жасалған сый.  Алаңда алғашқылардың бірі болып мектеп оқушылары өзара сынға түсті.
Мұнда түнде де жарыс өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Жастардан қалыспай шенеуніктер де ортаға шығып доп теуіп көрді. Компания басшылығы жақында осы алаңға іргелес мұз айдынын салуды жоспарлап отыр.
Бейбітхан Қабдырахманов, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ҰК» АҚ басшысы
Алдымызда – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Осы 20 жылдыққа арналған біздің сый.
Алан Мәдиев, СҚО Ғабит Мүсірепов ауданы №2 мектебінің 8 сынып оқушысы
Негізі басқа стадиондар болған. Бірақ онша емес. Қазір газон төселгеніне қуанып жатырмыз.
Ақерке Қабыкеева
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×