Жеңілмейтін армада

11.04.2012, 04:42
Жеңілмейтін армада

XVI ғасырда испандық король II Филип 130 кемеден тұратын қарулы флотилиясын Ұлыбританияның жағалауына апарып, оны «Жеңілмейтін армада» деп атаған. Eurosport сайтының тілшісі Сергей Глебов осындай тарихи жағдайға ұқсас мәселені бүгінгі күнде де бар деп есептейді. Тек соғыс жағдайы футбол алаңына ауысқан болатын. Өз кезегінде футбол майданында испандықтар басымдық көрсетіп жүр. Чемпиондар Лигасында ешқандай сенсация жоқ. Ширек финалдық жеребеден кейін «Реал» мен «Барсаның» «Альянц Аренада» чемпиондық үшін таласуына тек ғажайып қана кедергі бола алатыны айтпасада түсінікті болған. Не дегенімен, Баварияның астанасына жету үшін әлі де бір қадамдай бар. Ол үшін Хуан Карлостың бағыныштыларына «баварлықтар» мен «ақсүйектерден» өту қажет.

Әрине бұл оңай мәселе емес. Бір жағынан ойлап қарасаң, бұл екі алпауыт клубтың ақтық сында кездеспей қалуы да әбден мүмкін. Өйткені, «Челси» «каталондықтардан» кегін қайтарып алуға соңына дейін берілмейміз десе, немістер анау-мынау емес, қарсыласы «галактикос» бола тұра өз жеріндегі өтетін финалда ойнайтындарына күмән келтірмейді. Осылайша, ағылшындық және германдық клубтар армандайды. Қиялдары жаман болмасада, оның еш нәтиже алып келмейтіні де бар. Бақтан гөрі, баптың ең басты рөлді ойнайтынын ескерсек, «Челси» мен «Бавария» өздерінің шеберліктері жағынан испандық грандтарға жол береді. Жартылай финалда «ақсүйектерді» кім жетелей алады? Дидье Дрогба ма? Джон Терри ма? Әлде Френк Лэмпард па? Әрине мен оларды жаман ойыншы деп санап тұрған жоқпын. Алайда, олардың уақыты екі, үш жыл бұрын өтіп кеткен. 2009 жылы бұл ойыншылар чемпиондық атаққа лайықты еді. Не дегенімен төреші Том Хенниг Эвребенің қателіктері «Челси» үшін жазылмайтын жара. «Баварияға» келер болсақ, бұл клуб тек ішкі чемпионаттарда ғана жақсы өнер көрсетеді. Бүнгі күні дортмундтық «Боруссиямен» алтынға таласуда. Иа, Юрген Клопп шәкірттері Чемпиондар лигасында жарытып ойнай алмады. Неге дейсіз? Өйткені, Юп Хайнкестің құрамасында Арьен Роббен, Рибери, Марио Гомес, Швайнштайгер сынды ойыншылары бар. Бірақ, голландық Арьенді сол «Сантьяго Бернабеу» жіберген болатын. Себебі, Роналду мен Анхель ди Мария секілді жартылай қорғаушыларға бәсекелестік таныта алмайды. Рибери ше? Ол Мюнхеннің намысын қорғағаны үшін қуанышты. «Альянц Аренада» жақсы футболшы деген атақтан әрі аса алмады. Гомес болса, 27 жасында өзін басқа чемпионаттарда сынап көрмеді. Ал Швайнидің ең мықты хавбек екенінмен келісемін. Еуропа Лигасының жартылай финалында үш клуб Испаниянікі. Төртінші клубта алыста тұрған жоқ. Ол Пиреней түбегінде орналасқан көршілес португалдық «Спортинг». Мадридтық «Атлетико» мен «Валенсия» бір-бірімен Еуропа Лигасының финалына шығу үшін талас жүргізеді. «Матрасшылар» 2010 жылы бұл турнирдің жеңімпазы атанған. Ал Марсело Бьелсаның «Атлетигі» жартылай сынға шығудың өзі үлкен сенсацияны алып келді. Бұл Бильбаодан шыққан клубта бойынды баскілік қаны бар футболшылардың ойын өрнегі көптеген сыншыларды тамсандырып, оларға көптеген алпауыт командалар қызығушылық танытуда. Одан басқа кейінрек жүрсек екі рет қатарынан УЕФА Кубогін жеңіп алған «Севилья» есімізге түседі. Осы доп додасында «Вильярреал», «Осасуна», «Хетафелер» биік шыңдарға жеткен еді. Қазір Ла Лигадаға жоқ «Алавес» 2001 жылғы «Ливерпульмен» болған финалда керемет ойын көрсетті. Испандық клубтардың жетістіктерін айтай берсек уақытымыз жетпес. Еуропалық төрттіктің ішінде ең қызық емес чемпионат деп Примера саналғанымен, «Қызыл Фурияның» командалары еурокубогтердегі нәтижелері өте жоғары. Ал қазіргі таңда Еуропаның, әлемнің чемпиондары кімдер деген сұраққа келсек? Өзінің түсінгендей Ла Лиганы әлсіз доп додаларының бірі деу әбестік болар. Соңына қарай, тарихтың шындығына көшсек XVI ғасырда испандық флот «Жеңілмейтін армада» ағылшындардан тас талқан жеңілген болатын. Бірақ, тарих өз нәрсесін алмай кетпейді.

Абзал СҮЛЕЙМЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×