Жеңімпаз келесі турда анықтала ма?

19.10.2011, 00:35
Жеңімпаз келесі турда анықтала ма?
Футболдан ел біріншілігі көмбесіне жақындаған сайын чемпиондықтан үміткер клубтардың қатары сиреп барады. «Жетісу», «Шахтер» және «Астана». Міне, бас жүлдеге үміткер осы үш клуб қана қалды.Ал осыған дейін чемпиондықтан үміт кер лердің қатарында болып келген «Ақ тө бе» мен Керекудің «Ертісі» жүлделі орын дар дан да көріне алмай қалулары мүмкін. 30-турда Владимир Мұқанов шәкірттері түз де елорданың «Астанасына» жол берсе, керекуліктер Қарағандыда «Шахтерден» жеңіліп қалды. Осы турдың орталық кездесуі ретінде «Ас тана» мен «Ақтөбені» бөле жаруға бола тын шығар. Өйткені биылғы бірін ші лік ті сәтсіз өткізіп жүрген қонақтарға бас жүл деге таласуды жалғастыру үшін үш ұпай ауадай қажет болатын. Дегенмен алаң қожайындарына да жеңіс керек бол ды. Сонымен, өте тартысты өткен матчта «ақ төбеліктер» екі мәрте алға шыққанымен, ойын соңында жеңісті «Астана» тойлады. Асыра сілтегендігіміз емес, матч деңгейі, шынымен де, Испания, Англия біріншілік те рінің дербиіне бергісіз, жоғары дәрежеде өтті. Екі команда да қорғаныста отырған жоқ, сәт сайын шабуылдаумен болды. Нә ти жесінде теңбіл доп та алаң ортасында көп тұрақтамай, екі жақтың айып алаңында дедектеп жүрді. Бірінші минуттан бастап-ақ қақпашылар Ненад Эрич пен Андрей Сидельниковтің жұмысы көп болды. Сөйтіп, 15-минутта Ақтөбенің үздік сұр мер гені Мәлік Мане баспен соғып, есеп ашты. Дегенмен үзіліске бір минут қалғанда Дмитрий Шомконың сол қапталдан әуе ле те асырған пасына «Астананың» мол до ва лық шабуылшысы бірінші болып жетіп, есепті теңестіріп кетті. Бұл жерде Си дель ни ковтің де қателігін айта кеткен жөн. Қор ғаныстағы командаласы Петр Бадлоға се ніп қалған қақпашы допты қағып жіберу үшін алға ұмтылған да жоқ. Екінші тайм біріншісінен де тартысты өтті. Алаң иелерінің сапынан Марат Шах ме тов пен Игорь Бугаев белсенді болса, «Ақ төбе» сапынан әдеттегідей Еміл Кен же са риев пен Дарко Малетич допты көбірек өздерінде ұстап, «Астана» қор ғау шы ла ры ның дегбірін қашырды. Сондай сәттердің бірінде Емілден пас алған Дарко айып алаңының сыртынан допты шиіре теуіп, Эрич қорғаған қақпаның тоғыздығын дәл көздеді. Әлбетте, әлемде талай әсем гол дар соғылып жатыр ғой. Бірақ үздік гол дар дың рейтингі жүргізілер болса, Ма ле тич тің голы да аптаның үздік голдарының қатарынан көрінер еді. Алайда бұл гол да алаң иелерінің салын суға кетіре алған жоқ. Қайта «астаналықтар» жігерлене тү сіп, арада бес минут өтпестен есепті те ңес ті ріп кетті. Бұл жолы да Бугаев керек жерден табылып, допты қақпаға тоғыта салды. Ал тағы бес минуттан кейін қарымта шабуыл ұйым дастырған алаң қожайындары матчта алғаш рет алға шықты. Әдетте қорғаныста жү ретін Қайрат Нұрдәулетов күтпеген жер ден оң қапталмен алға жүгіріп, Марат Шах метовтен пас алды. Бұл кезде Қайратты «ойын нан тыс қалды» деп қолдарын көтер ген «ақтөбеліктер» орындарында тұрып қал ған. Бірақ қапталдағы төреші ешқандай белгі берген жоқ. Қайрат та қарап қалмады. Өзімен қатар алға ұмтылған Бугаевты бай қап, пасты тура аяғына жеткізді. Сөйтіп, мол довалық шабуылшы өзінің осы матч та ғы үшінші голын соғып, чемпионаттағы екінші хет-тригін тойлады. Өзге кездесулерде «Жетісу» сырт ала ңын да «Ордабасыдан» 2:1 есебімен басым түссе, Алматының «Қайраты» дәл сондай есеп пен өз алаңында Өскеменнің «Вос то гын» ұтты. «Тараз» бен «Атырау» тең түсіп, Қызылорданың «Қайсары» Қостанайдың «Тобылын» ойсырата жеңді. Енді 22 қазанда шешуші тур өтпек. Тіпті ел чемпионы да анықталып қалуы мүмкін. Бәрі де Талдықорғанда шешіледі. Егер «Же тісу» өз жерінде Қарағандының «Шах те рін» жеңе алса, онда талдықорғандықтар тұң ғыш рет ел чемпионы атанады. Сондай-ақ келесі турда Өскеменнің «Востогы» да бі рінші лигаға түсіп қалуы мүмкін. 30-турдың қорытындысы: «Ордабасы» (Шымкент) – «Жетісу» (Талдықорған) – 1:2 Голдар: Мұхтаров, 62 – Щеткин, 35. Михайлов, 86. «Шахтер» (Қарағанды) – «Ертіс» (Кереку) – 3:1 Голдар: Джидич, 58. Финонченко, 81. Финонченко, 90 – Даскалов, 2. «Астана» – «Ақтөбе» – 3:2 Голдар: Бугаев, 41. Бугаев, 66. Бугаев, 70 – Мане, 16. Костич, 62. Ойынның 87-минутында Шахметов (Ас.) алаңнан қуылды. «Тараз» – «Атырау» – 1:1 Голдар: Мемишевич, 17 – Данилюк, 41. «Қайсар» (Қызылорда) – «Тобыл» (Қостанай) – 4:1 Голдар: Перич, 6. Сыздыков, 20. Малков, 45. Молдақарев, 90 – Волков, 66. Ойынның 50-минутында Сыздықов (Қ) пенальти орындай алмады. «Қайрат» (Алматы) – «Восток» (Өскемен) – 2:1 Голдар: Шакин, 8. Головской, 24 – Удалов, 79. Автор: Әзиз Жұмаділ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×