«Жеңіс» клубында бірқатар өзгерістер орын алды

04.05.2022, 23:17
Елордалық клуб бас бапкер қызметіне жас маманды тағайындамақ.
«Жеңіс» клубында бірқатар өзгерістер орын алды

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, «Жеңіс» клубы «Қызылардың» екі ойыншысы Артем Черединов пен Ерасыл Сейітхановты жалға алды.

Қос футболшы да бүгін «Жетісумен» болған ойынға қатысты. Черединов шыға салып гол салды. Бірақ елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ «Жеңіс» жуырда бас бапкер қызметіне талдықорғандық маман Ринат Алюетовты тағайындамақ. 32 жастағы бапкер былтыр «Жетісу» командасын баптады. Бірақ осы маусымның басынан бері жұмыссыз жүр.

«Жеңістің» бас бапкері болған Әли Әлиев бірнеше күн бұрын «Қызыл-Жар» клубын тізгіндеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×