Жеңіске бергісіз тең ойын

29.07.2011, 02:57
Жеңіске бергісіз тең ойын

"Алания" 1-1 "Ақтөбе"

Голдар: 60' Бураев                                        11' Мане Муханов шәкірттері Владикавказ төрінде пайдалы нәтижеге қол жеткізді. Сырт алаңда тең ойнаған біздің жігіттер енді Ақтөбеде жеңіске жетсе деген дәме бар.  Ойынға келсек , Ақтөбе алғашқы минуттардан-ақ Алания қақпасын шабуылдан көз аштырмады. Сондай шабуылдардың бірінде Сенегалдық сұрмерген Мане Дмитрий Хомичтан айласын асырды. Осылайша , алғашқы тайм Ақтөбенің басымдылығымен өтті. Ал, 60-минутта  Бураев өз командасын жеңілістен құтқарып , есепті 1-1 ге жеткізді.Артынша , Ақтөбе қақпашысының жүйкесі сыр беріп,алаңнан қуылды. Ақтөбе бір ойыншысы кем бола тұра ,  есепті сақтап қалды. Ойынның ендігі тағдыры Ақтөбе алаңында шешіледі. Сырт алаңда гол ұрған Ақтөбенің келесі кезеңге өту мүмкіншілігі көбірек. Өз алаңымызда гол өткізбеуіміз керек. Не гол көп соғу қажет. Біз «Ақтөбеге» сенеміз.Қарымта ойын 4 тамыз күні өтеді. Қос команда төмендегідей құрамда ойнады : «Алания»: Хомич, Дудиев (Бураев, 51), Булгару, Дакоста, Григорьев, Грачев, Гиголаев, Габулов, Хубулов (Стоянов, 80), Бикмаев (Царикаев, 46), Данилу Неку. «Ақтөбе»: Сидельников, Смаков, Кенжисариев, Примус, Чичулин (Бадло, 75), Хайруллин (Семенов, 90+6), Логвиненко, Малетич, Костич, Мане, Джилас (Бойченко, 68). Ескертулер: Бикмаев, 13. Примус, 18. Хайруллин, 37. Дудиев, 46. Кенжесариев, 59. Костич, 62. Алаңнан куылды: Сидельников, 65. Төреші: Кружляк (Словакия). Голдар: 1:1 Қақпаға тура соққы: 6:4 Қақпадан қиыс соққы: 3:7 Бұрыштама добы: 6:4 Фолдар: 9:22 Сары қағаз: 2:4 Қызыл қағаз: 0:1.
Муханов шәкірттері Владикавказ төрінде пайдалы нәтижеге қол жеткізді. Сырт алаңда тең ойнаған біздің жігіттер енді Ақтөбеде жеңіске жетсе деген дәме бар
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×