Жеребе тарту рәсiмi жұмада өтедi

15.03.2011, 17:16
Жеребе тарту рәсiмi жұмада өтедi

Өткен аптада футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан төрт команда белгiлi болды. Англияның “Арсенал” клубын 3:1 есебiмен ұтқан Испанияның “Барселонасы”, Италияның “Ромасын” 3:0 есебiмен жеңген Украинаның “Шахтерi” үздiк сегiздiктiң қатарына алғашқылардың бiрi болып қосылды. Бұл екi команданың қатарын келесi күнi Германияның “Шальке-04” клубы мен Англияның “Тоттенхэм” клубы толықтырды. Бүгiн және ертең Чемпиондар лигасының тағы төрт кездесуi ойналады. Германияның “Бавариясы” Италияның “Интерiмен” күш сынасса, “Манчестер Юнайтед” Францияның “Марсельiн” өз алаңында қабылдайды. Ертең Испанияның “Реалы” Францияның “Лионымен”, Англияның “Челсиi” Данияның “Копенгагенiмен” жасыл алаңға шығады. Сондай-ақ, бейсенбi күнi Еуропа лигасына қатысып жатқан командалар да үздiк сегiздiкке шыққан командаларды анықтайды. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ширек финалдық жеребесi жұма күнi Швейцарияның Ньон қаласында тартылады. Чемпиондар лигасының нәтижелерi: 1/8 финал “Барселона” (Испания) – “Арсенал” (Англия) – 3:1 (Месси, 45, 71-минутта, пенальтиден, Хави, 69-минута – Бускетс, 53-минутта, өз қақпасына); “Шахтер” (Украина) – “Рома” (Италия) – 3:0 (Гюбшман, 18-минутта, Виллиан, 58-минутта, Эдуардо, 87-минутта); “Шальке-04” (Германия) – “Валенсия” (Испания) – 3:1 (Фарфан, 40, 90-минуттарда, Гавранович, 52-минутта – Кошта, 17-минутта); “Тоттенхэм” (Англия) – “Милан” (Италия) – 0:0. Еуропа лигасы 1/8 финал. Алғашқы ойын “Брага” (Португалия) – “Ливерпуль” (Англия) – 1:0; “Динамо” (Украина) – “Манчестер Сити” (Англия) – 2:0; ЦСКА (Ресей) – “Порту” (Португалия) – 0:1; “Аякс” (Голландия) – “Спартак” (Ресей) – 0:1; “Байер” (Германия) – “Вильярреал” (Испания) – 2:3; ПСВ (Голландия) – “Глазго Рейнджерс” (Шотландия) – 0:0; “Твенте” (Голландия) – “Зенит” (Ресей) – 3:0; “Бенфика” (Португалия) – ПСЖ (Франция) – 2:1. Қарымта кездесу 17 наурыз күнi өтедi

"Жас Алаш"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×