Жеребе тартылды

03.10.2011, 16:55
Жеребе тартылды
Кеше футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындарының жеребесі тартылды. Елордадағы «Астана-Арена» стадионы­ның баспасөз орталығында тартылған же­ребеден соң ел кубогының жартылай фи­налындағы командалар жұбы анық­талды. Сөйтіп, екі жұп төмендегідей болды: «Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент), «Ертіс» (Павлодар) – «Тобыл» (Қос­танай). Бірінші ойындар 3 қараша күні жоғары­дағы жұптарда бірінші жазылған коман­далардың алаңында, яғни Тараз бен Керекуде өтеді. Қарымта кездесулер 8 қараша күні Шымкент пен Қостанайда өте­тін болады. Осы екі матчтық додада басым түскен екі команда финалға шыға­ды. Ақтық ойын 13 қарашаға белгілен­ген.
Дереккөз: alashainasy.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×