Жеребенің "сыйы". "Марибор"-азулы қарсылас

12.07.2015, 03:14
Жеребенің "сыйы". "Марибор"-азулы қарсылас
Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде ел чемпионы "Астанаға" жеребедегі ең қиын қарсылас түсті десек қате болмас. Былтыр турнирдің топтық кезеңінде өнер көрсеткен словениялық клуб "Шальке", "Челси" секілді алыптардың аяғынан шалды. Шыны керек, тәжірбиелі Марибор жұпта айқын фаворит.  Словения футболы-қазақ футболынан көш ілгері. Осы ғасырдың басында мүшкіл хәлдегі словен футболы алғашқы онжылдықтың соңына қарай ірі жетістікке жетті. Ұлттық құрама Оңтүстік Африкадағы Әлем чемпионатына жолдама алған еді. Плей-оффқа жете алмаса да, топтық турнирде 4 ұпай ала алды. Команда бүгінде Франциядағы еурододаға жолдама алуға әбден ниетті.  Өз тобында үшінші орында. Ішкі біріншіліктің көшбасшысы, бетке ұстары "Марибор" соңғы бес жылда қарсылас шыдатар емес. Чемпион атанып, ел намысын "кәрі құрлықта" жалғыз қорғайды десек те болады. Еуропа Лигасында топтық кезеңге жетіп, кейде одан әрі асып тұратын "Мариборға" былтыр ғана тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының атмосферасын сезіну бұйырған екен. Негізін жастар құрайтын команда үшін бұл үлкен тәжірбие болғаны анық. Талантты жастардың бірі атақты Златконың ұлы-Лука Захович. Бүгіннің өзіңде 19 жасар футболшыға словен футболының болашағы деген үміт артылып отыр. Бұл жас дарын былтыр "Спортингтің" қақпасын дәл нысанаға алып, Чемпионадар Лигасындағы тұңғыш голын да салып қойған еді. Ал, "Марибордың" көп мойындаған бүгінгі таңдағы үздік футболшысы-бразилиялық шабуылшы Маркос Таварес. 7 жыл бойы команда намысын қорғап жүрген 31 жасар сұрмерген, осы уақытқа дейін 91 голдың авторы атанып үлгеріпті. Әр маусымға шаққанда 13 голдан. Лука Захович Қақпаны Словения ұлттық құрамасында 9 ойын өткізген 37 жасар  Ясмин Ханданович күзетеді. Ясмин "Интер" сапында өнер көрсететін, әрі Словенияның негізгі қақпашысы Самир Хандановичтің ағасы. Қорғанысқа да ұлттық құрама футболшылары жауап береді. Марко Шулер, Алеш Меяч, Ярик Янжа. Жартылай қорғаныстың негізгі футболшылары-24 жасар Израиль азаматы Синтайеху Саллалих, Алеш Мертель, тәжірбиелі Даре Вршич. Шабуыл өтінде Захович және Тавареспен қатар, Далибор Волаш, Дамьян Бохар, және француз Жан-Филипп Менди қарсылас қақпасын жиі-жиі нысанаға алады. Команда капитаны-Маркос Таварес Бас жаттықтырушысы-43 жастағы Анте Шимунджа. Жас маман футболшы ретінде көп жылын дәл осы командаға арнаған. Үш мәрте чемпион атанып та үлгеріпті. Ал, екі үш жыл бұрын клуб басшылығынан шақырту алған Анте команданы екі мәрте чемпиондыққа жетеледі. Ең құнды жетістігі-шәкірттерін Чемпиондар Лигасына шығаруы екені түсінікті.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×