Жетінші Ибра

11.03.2012, 19:17
Жетінші Ибра

 

Итальяндық үш грандт: «Интер», «Милан», «Ювентус» клубтарында өнер көрсеткендердің қатарын шабуылшы Златан Ибрагимовичтің толықтырғанын БАҚ өкілдері білгенімен, қалың бұқара біле бермейді. Осы қызықты ақпаратты сіздерге нақтырақ айтып берсек.

 1. Джузеппе Меацца  Меацца XX ғасырдағы ең үздік ойыншылардың тізімінде тұр. Ол Милан қаласында туылып, болашақта «россонериледің» қатарында өнер көрсетуді армандаған. Алайда, «Милан» клубы одан футболшыны көре алмайды. Джузеппе тағдырдың жазуымен «Интерге» кетіп, 13 жыл негізгі құрамада өнер көрсетіп, 350 матчта 247 доп соққан болатын. 1940 жылы недегенімен Балилла (Джузеппенің лақап есімі) «Милан» жейдесін киеді. Онда ол небәрі 2 жыл ойнап, «Юветуске» ауысады. Меацца бұл клубтардан басқа «Варезе» мен «Аталантада» өнер көрсетеді. Ақыры соныңда «нерадзурриге» қайтып келіп, бір жылдан соң үлкен футболмен қош айтысады. Халақаралық деңгейде Пеппино Италия құрамасымен екі дүркін әлем чемпионы атанады. Ұлттық құрама сапында 53 ойын көрсетіп, 33 доп соққан.  2. Альдо Серена  Серена өзінің 16 жылдық футбол ғұмырында, төрт рет «Интерге», екі рет «Миланда» және бір рет «Ювентусте» өнер көрсеткен. Альдоның жұлдызді сәті 1989 жылы «нерадзурри» сапында 22 доп соғып, А сериясында ең үздік шабулшы атанып, «Интермен» скудеттоны жеңіп алған болатын.  3. Роберто Баджо  Италияның Ұлы футболшысы 1990-нан 1995-ші жылға дейін «кәрі синьора» клубында өз өнерін паш етіп, әлемнің үздік ойыншысы атанады. Ювентустен кейін Миланға ауысып, алғашықы жылда 1996 жылы Италия чемпионтын жеңіп алады. Бірақ, 1998-2000 жылдары Интердегі ойыны жүрмей қалады.  4. Эдгар Давидс  Әлемнің ең үздік жартылай қорғаушысы, 1996-1998 жылдары «Миланның» қосалқы құрамдағы орындығын тоздырумен өтті. Содан кейін Марчелло Липпи бастаған «Ювентуске» өтіп, голландық өз ойынын толыққанды паш етеді. Питбуль 2004 жылы Барселонада арендада жүріп, «Интермен» келісім шартқа отырады. Давидстың ойыны жылдан жылға бәсеңдеп, басқа клубтарға ауысымен болады. 2010 жылы әлемдегі жалғыз көзілдірік киген жартылай қорғаушы үлкен футбомен қаш айтысады.  5. Кристиан Вьери  Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Вьери 1996-1997 жылдары «Юве» сапында жарқын ойынымен көзге түсе алмайды. Содан кейін, «Атлетико» Мадрид, «Лацио» клубтарында ойнап, 1999 жылы «Интерге» өтеді. Бобоне «нерадзурри» сапында 6 жыл өнер көрсетіп, 144 матчтарда 103 доп соғады. 2005 жылы «россонерилердің» қатарына өтіп, онда қосалқа құрамадағы орындықта уақыт өткізумен болады.  6. Патрик Вейра  Вейраның ең сәтті карьерасы «Арсеналда» өтеді. «Арсеналға» өтпес бұрын Патрик бір жыл өзінің ең сәтсіз футбол маусымын «Миланда» өткізеді. 2005-2006 жылдары Дэган Юветустің намысын қорғады. Алайда, «бьянконерилерге» қатысты жанжал барысында, клуб В сериясына түсіп, онымен қоса көптеген футбошылар да кетіп қалды. Вейра да қатарынан қалмау үшін Интермен келісім шартқа қол қойды. «Нерадзуррилердің» клубынада Дэган 4 рет скудеттоны жеңіп алған.  7. Златан Ибрагимович  Ибаргимович әлемнің ең талантты, бірақ, толық өзін аша алмаған шабуылшы. Бұл ойыншы, өзінің кез-келген дене мүшесімен қарсаластың қақпасына гол соға алады. 2004 жылы Ибракадабраны «Кәрі Синьора» клубы шақыртып алады. Бұл клубта Златан екі рет чемпиондық атаққа жеткізіп, «Ювеге» қатысты жан-жал барысында одан айырылып қалған болатын. Соған байланысты, Ибрагимович «Интерге» кетіп қалады. «Нераддзурри» сапында үш чемпиондық титулды алған швед чемпиондар лигасын жеңіп алу мақсатымен «Барселонаға» ауысады. Тағдырдың жазуы ма? 2010 жылы чемпиондар лигасының кубогі каталондықтарға емес, «Интерге» бұйырады. «Блаугранадағы» сәтсіз маусымын өткізген Ибра «Миланға» ауысуды жөн көреді. Қазіргі таңда Швецияның футбол жұлдызы «рассонерилермен» скудеттоны жеңіп алып, клубтағы ең үздік шабуылшы.

Абзал СҮЛЕЙМЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
1-тур. Статистика
Серіктес жаңалықтары
×