«Жетісу» бірнеше күн бұрын келісім-шартқа отырған шабуылшымен қош айтысты

24.07.2021, 22:25
Мұның нақты себептері белгісіз.
«Жетісу» бірнеше күн бұрын келісім-шартқа отырған шабуылшымен қош айтысты

"Жетісу" жақында ғана командаға қосылған украиналық шабуылшы Юрий Захаркивпен қош айтысты. Бұл жайлы ҚКФЛ ресми сайты хабарлады.

19 шілдеде талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында 25 жастағы шабуылшының "Жетісуға" ауысқанын жариялады, бірақ кейінірек бұл жазба алынып тасталды.

Юрий Захаркив - "Тернополь" клубының тәрбиеленушісі. 2017 жылдан 2021 жылға дейін ол он клубта ойнады: украиналық "Карпаты", "Тернополь", "Днепр-1", "Олимпик", "Львов", литвалық "Атлантас", словакиялық "Михаловце", "Требишов", тәжікстандық "Худжанд", латвиялық "Елгава".

Шабуылшы өзінің кәсіби мансабында 56 матч өткізіп, 10 гол соққан және 3 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×