«Жетісудің» 2 айдан кейінгі голы, «Атыраудың» кезекті жеңілісі: 8-турдың статистикалық көрсеткіштері

12.05.2025, 13:15

9-11 мамыр күндері Қазақстан чемпионатының кезекті туры өтті.
 

«Жетісудің» 2 айдан кейінгі голы, «Атыраудың» кезекті жеңілісі: 8-турдың статистикалық көрсеткіштері


Қандай жайттар тіркелді?

- 7 матчта 21 гол соғылды;

- 38 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды;

⁃ 8-тур ойындарын 47 750 адам стадионнан тамашалады.

⁃ Ең көп 12 400 жанкүйер «Ақтөбе» - «Елімай» ойынын тамашалады.

⁃ 8-турда 216 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 123 отандық футболшы (негізгі құрамда 78 ойыншы, қосалқы құрамнан 45 ойыншы) доп тепті.

⁃ «Жетісу» араға 7 тур салып, қарсылас қақпасына гол соқты.
⁃ «Оқжетпес» 4 тур бойы жеңіліссіз келеді.
⁃ «Атырау» 9 матч қатарынан есе жіберді.
⁃ «Ордабасы» 4 ойын қатарынан қарсыласын жеңіп, өз қақпасына небәрі 1 гол жіберді.
⁃ «Ақтөбе» 3 тур қатарынан қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп келеді. Әзірше олар чемпионаттағы ең аз 4 гол өткізген.
⁃ «Қайсар», «Елімай» осы турда қақпаға дәл соққы бағыттай алмады.
⁃ «Ұлытау» клубы сырт алаңдағы алғашқы голын салды.

Қай елдің футболшылары гол соқты?


Қазақстан - 8
Беларусь - 3
Грузия - 2
Испания - 1
Бразилия - 1
Молдова - 1

Черногория - 1
Кот-д’Ивуар - 1
Марокко - 1
Нигерия - 1
Автогол - 1

Ойын нәтижелері:

«Жеңіс» – «Қайрат» – 1:2
«Қызылжар» – «Ұлытау» – 2:1
«Тұран» – «Атырау» – 1:0
«Астана» – «Тобыл» – 1:3
«Жетісу» – «Оқжетпес» – 1:3
«Ордабасы» – «Қайсар» – 5:0
«Ақтөбе» – «Елімай» – 1:0

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×