
Осы жылдың көктем айында крест байламы тұсынан ауыр жарақат алған бразилиялық Жоао Паулу “Қайрат” қатарына күз мезгілінде қосылады, деп жазады Aladop.kz.
37 жастағы ойыншы өткен айда Натал қаласының Сан-Рафаэл ауруханасында сәтті ота жасатты. Футболшы жағдайы қалыпқа келген соң, Қазақстанға бірден қайтады. Алматыға келісімен, Паулу “Қайрат” дәрігерлерінің бақылауында болады.
Еске салсақ, Паулу ҚПЛ 2025 жылғы маусымында 4 матч өткізіп, 1 гол слғып үлгерген болатын.
Чемпионатта алған жарақаттынан кейін Паулуды көп сарапшылар осы маусымнан шет қалатынын алға тартқан болатын. Кейбірі тіпті оның мансап аяқтайтынына сенім білдірген еді. Бірақ “Қайрат” жанкүйерлерінің қуанышына орай, Жоао күз айында қатарға қайта қосылатын болады.
Біздің серіктес: FONBET