Жозе Мауриньо: ЦСКА «Реалды» жеңе алмайды

21.02.2012, 05:34
Жозе Мауриньо: ЦСКА «Реалды» жеңе алмайды

  «Реалдың» бапкері Жозе Мауриньо чемпиондар Лигасының 1/8 финалында ЦСКА оның командасына жеңілетінін айтты. Баспасөз маслихатында журналистердің бірі португалдыққа сұрақ қойды: «ЦСКА Еурокубоктар аясында бірде бір испаниялық командадан жеңіліп көрмеген, бұл жайт сізді алаңдатпайды ма?». -          Ертең жеңіледі деген сөз, – күлімсіреп. Португалдық маман шәкірттерінің психологиялық тұрғыдан дайындығы мықты екенін алға тартып, ертеңгі ойында қарсыласын «деңгеймен-ақ» жұта салатынына сенім білдірді. -          Ойын жоспары әлі ойластыруда. Әлі де дайындаламыз. Жеңіске жетуді мақсат етеміз. «Жоқ» дегенде нәтижелі тең ойын көрсетуіміз керек. Үздік ойыншыларыңыздың түгелін алаңға шығарасыз ба, әлде арасында сақтап қоятындар бар ма? -          Сақтағаннан не пайда? Қайсысы шығып қайсысы отырса да, айырмашылық жоқ. Команданың құрамы ЦСКА-ға байланысты болады. Қарсыласымыз ауа райына да алаңға да үйренген, сондықтан матч арнайы дайындықты керек етеді. Мен шәкірттерімнің ой-санасына әсер еттім, сондықтан бізде кездейсоқ жеңістер мен жеңілістер болмайды. Алдымыздан мықты қарсылас шықса да, әлсізі кездессе тиесілі үш ұпаймызды ешкімнің еншісінде жібермеуге дағдыланып алдық, – деді Мауриньо.   Сонымен қатар, атақты бапкер ЦСКА-ның күшті жақтары мен нашар тұстарын атап өтті. -          Біріншіден, қорғанысы жақсы. Алғы шебі де жаман емес. -        Алексей Березуцкийдің айтуынша дайындық тұрғысынан әлемде «Реалмен» теңдес команда жоқ. -          Коэнтрау мен Березуцкийді қатар қойып көрейік, сосын білетін болармыз айырмасын. http://www.alaman.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×