Жылдың үздік қақпашысы атағына үміткерлер анықталды

03.12.2013, 21:38
Жылдың үздік қақпашысы атағына үміткерлер анықталды
  2 желтоқсан Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен футболшылар кәсіподағы (FIFPro) 2013 жылдың ең үздік қақпашысы атағына үміткер үздік бес қақпашыны таңдап алды.  ФИФА сайтында жарияланған тізімге Джанлуиджи Буффон ("Ювентус"), Петр Чех ("Челси"), Виктор Вальдес ("Барселона"), Мануэль Нойер ("Бавария") және  Икер Касильяс ("Реал" Мадрид) енген. Бұл атаққа Икер Касильс қатарынан бес мәрте (2008-2012), Джанлуиджи Буффон екі мәрте(2006, 2007) қол жеткізген болытын. «Челсидің» шебері Петр Чех алты рет алдыңғы бестікке іліккенімен соңғы жеңіске жете алмай келеді. Бұдан бөлек, Мануэль Нойерда қатарынан үшінші рет үздік бестіктің қатарынан табылып отыр. Жеңімпаз дауыс беру нәтижесінде анықталатын болады. Дауыс беруге ойыншылар кәсіподағына кіретін әлемнің 50 мың кәсіпқой футболшысы қатысады.  Қақпашылардан бөлек, үздік қорғаушылар ( 4 желтоқсан), жартылай қорғаушылар (6 желтоқсан) және шабуылшылар (9 желтоқсан) анықталатын болады. Жеңімпаздардың есімі 2014 жылдың 13 қаңтарында Швейцарияның Цюрих қаласында жарияланбақ. Одан бөлек, салтанатты рәсімде 2013 жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" та өз иесін табады. Жылдың ең үздік бапкері мен ең үздік голы авторы да сол күні анықталатын болады. Қуанышхан Өмірхан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×