Зидан ФИФА-ның бапкерлік курсынан өтіп жүр

13.11.2014, 15:09
Зидан ФИФА-ның бапкерлік курсынан өтіп жүр

Зидан ФИФА-ның бапкерлік курсынан өтіп жүр

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Зинедин Зидан бапкерлік курстан өтіп жүр. Мадридтік «Реалдың» екінші құрамасын жаттықтырып жүрген бас бапкер келесі жылдың мамыр айында барлық чемпионаттарға қатысуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Испания Футбол Федерациясы «Реал Кастильяның» бапкері Зинедин Зиданды бапкерлік курстан өтпегені үшін 3 айға бұл қызметтен шеттеткен еді. Келесі жылы Зизуды бапкерлік қызметтен қайта көретін боламыз.

Карло Анчелоттидің ассистенті болып қызмет атқаратын Зинединнің "Реалдың" негізгі құрамын бастап шығатын күні де алыс емес.

Сурет: football-side.com

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×