Зиданның «Реалдағы» тағдыры алдағы екі матчтан кейін шешіледі

23.10.2020, 14:24
Зидан соңғы екі матчта жеңілген болатын.
Зиданның «Реалдағы» тағдыры алдағы екі матчтан кейін шешіледі

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан клубтағы жағдайын түзету үшін екі кездесу өткізеді, деп хабарлайды lеquipe.

Дереккөздің хабарлауынша, Зиданның "Реалда" қалуы үшін Испания чемпионатындағы "Барселонамен" кездесуі, сондай-ақ Чемпиондар лигасында "Боруссия Мёнхенгладбах" клубымен кездесуі шешуші рөл атқарады.

Бұған дейін "Реал Мадрид" Зинедин Зиданды команданың бас бапкері қызметінен босатуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Корольдік клуб "Тоттенхэм" клубының бұрынғы тәлімгері Маурисио Почеттино мен "Реалдың" қосалқы құрамасының жаттықтырушысы - Кастилья Рауль Гонсалестің кандидатураларын қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, "Реал Мадрид" соңғы екі матчта жеңіліп қалды, оның ішінде Испания чемпионатының дебютанты "Кадиске" (0:1) және Чемпиондар Лигасында "Шахтерге" (2: 3) есе жіберді.

Ла Лиганың жетінші турындағы "Барселона" мен "Реал Мадрид" арасындағы матч 24 қазанда "Камп Ноу" стадионында өтеді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турындағы "Боруссия М" командасымен кездесу 27 қазанға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×