Зиданның ұлы шеберлігімен танылды

21.01.2014, 20:06
Зиданның ұлы шеберлігімен танылды

Әйгілі футболшы Зиннедин Зиданның ұлы Лука Зидан соңғы ойындарында шеберлігімен танылып жүр. Футбол мамандары мен «Реал» басшылығы 15 жастағы қақпашының болашағы зор деп отыр. Кеше 17 жасқа дейінгі «Реалдың» командасында ойнайтын Лука ЗиданДохадағы «Манчестер Сити» жастарымен өткен кездесуде бірнеше қауіпті сәттердің бетін қайтарды. Ал бұдан өзге Зиданның екі ұлы да осы«корольдік клубтың» академиясында жаттығады. Энцо мен Теоалаңда шабуылшы болып өнер көрсетеді екен.   Естеріңізге сала кетсек, Зинедин Зидан жеті жасар Элиасты да"корольдік клубтың" балалар-жасөспірімдер мектебіне түсіретіні туралы жазған едік. Қазіргі таңда француз футболшысы ұлдарын"Реал" командасының бұрынғы шабуылшысы Фернандо Морьентес жаттықтырып жүр. Дайындаған: Өмірбек массагет.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×