“Бешикташ” бапкерінің қызметін уақытша атқарып жатқан маман Зайнутдиновты команданың келер матчына шығарады ма?

17.04.2024, 20:23

TRT Spor мәліметінше, Фернанду Сантуш қызметінен кеткеннен кейін команда тізгінін уақытша ұстаған Сердар Топрактепе құрамға өзгеріс енгізбекші. 

“Бешикташ” бапкерінің қызметін уақытша атқарып жатқан маман Зайнутдиновты команданың келер матчына шығарады ма?

Отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов “Анкарагюджюге” қарсы ойында қорғаныстың сол қапталында өнер көрсететін болды. Ол команданың бастапқы құрамында шығатын аяқдопшылар тізімінде бар. Түркия Суперлигасының 33-турында “Бешикташ” намысын бастапқы минуттардан қорғайтын футболшылар: Эрсин — Свенссон, Тайип, Неджип (Уоррал), Зайнутдинов — Мусрати, Жедсон, Мучи — Геззаль, Рашица, Мулека.

Айта кетейік, аталған ойын 19 сәуірге жоспарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×