Өзбекстанның олимпиадалық құрамы Азия Кубогын жеңіспен бастады

17.04.2024, 21:37

Өзбекстан U23 құрамасы Катарда өтіп жатқан Азия кубогындегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Өзбекстанның олимпиадалық құрамы Азия Кубогын жеңіспен бастады

D тобындағы Малайзияға қарсы кездесу 2:0 есебімен өзбек жігіттерінің пайдасына шешілді. Матчтың 11 минутында “Қайрат” ойыншысы Жасурбек Жалолиддинов өз командасының есепте алғашқы болып алға шығуына сеп болды. Аталмыш текетірестің нүктесін 83 минутта Улугбек Хашимов қойды.

Өзбекстан құрамасындағы тағы бір “Қайраттық” ойыншы Ибрахимхалил Юлдошев матчқа тек 88 минутта араласты. 

Өзбекстан құрамасы турнирдегі келесі кездесуін 20 сәуір күні Кувейтке қарсы өткізбек. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×