«Қайраттың» грузиялық легионері Гадрани: Меніңше, Қазақстан Грекиямен ойынға дайын болмады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
16.04.2024, 16:02

Грузия Ұлттық құрама командасы мен Алматының «Қайратының» намысын қорғайтын Лука Гадрани Қазақстанның Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі сәтсіздігіне байланысты өз ойын білдірді. «Лело» газетіне берген сұхбатында қорғаушы сондай-ақ, қазақтар мен грузиялықтардың ұқсастықтары жайлы да сөз қозғаған.

«Қайраттың» грузиялық легионері Гадрани: Меніңше, Қазақстан Грекиямен ойынға дайын болмады

«Қазақстанның бапкері Грекиямен ойынға дұрыс құрам мен тактика қоймаған деседі барлығы. Біз бұл кездесуді көрдік. Меніңше, Қазақстан Грекиямен ойынға дайын болмады», - деген еді Лука Гадрани. Естеріңізге саламыз, Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Грекиямен жолығып, 5:0 есебімен ұтылған еді. Ал Грузия Ұлттық құрама командасы финалда сол Грекияны пенальти сериясында ұтып, Еуро-2024 турниріне шыққан болатын. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×