Ресейлік бапкер: Адиевтің «Ахматы» өзге клубтармен салыстырғанда кәдімгідей бір бас төмен көрінеді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
16.04.2024, 14:11

Бапкер Александр Григорян «Матч Премьер» арнасына берген сұхбатында Грозныйдың «Ахматын» жаттықтыратын Магомед Адиев туралы айтты.

Ресейлік бапкер: Адиевтің «Ахматы» өзге клубтармен салыстырғанда кәдімгідей бір бас төмен көрінеді

«Дәл қазір «Ахмат» өзге командалардан кәдімгідей әлсіз көрінеді. Енді командаға Адиевтің келуі бөлек мәселе. Ал мен оның РПЛ-ден ұшып кетуін қаламаймын. Магомед Адиевтің турнирден осылай ұшып кету үшін келмегені анық», - деген еді Александр Григорян. Магомед Адиевтің «Ахматтағы» болашағы жайлы өткен турдағы сәтсіздіктен кейін жиі айтылып жүр. Естеріңізге салсақ, РПЛ-дің 24-турында «Ахмат» өзінің алаңында Калининградтың «Балтикасынан» 1:7 есебімен ойсырай ұтылған. Оның алдында Мәскеудің «Локомотивіне» де Грозныйда (0:2) жол бергені белгілі. Грозныйлық клуб қатарынан екі турда осылай ұтылған соң бас бапкерінің тарабына біраз сыни пікірлер айтылған болатын. Енді Магомед Адиевтің командасы келесі турда Мәскеудің «ЦСКА» командасына қарсы кездесу өткізбек. Дәл қазір «Ахмат» 20 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде 15-сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×