Маурисио Почеттино: Мен сайқымазақ емес, мен - бапкермін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.04.2024, 14:39

Айта кетейік, АПЛ-дің 31-ші туры аясында Лондонның «Челсиы» мен «Манчестер Юнайтед» кездесіп, алаң иелері 4:3 есебімен жеңіс тойын тойлаған болатын. 

Маурисио Почеттино: Мен сайқымазақ емес, мен - бапкермін

Ерекше тоқталатын тұсы, «Челси» ойынның 99-шы минутына дейін 2:3 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алған. «Ақсүйектер» 90+10 және 90+11-ші минуттарда екі рет гол соғып, сұрапыл камбэк жасап кетті. «Құмарлық деген алаң жиегінде тұрып алып жынды болу деген сөз емес. Командаға матчтың кез-келген тұсында көмек беру үшін мен салқынқанды болуым керек. Ойын соңында жарайды. Алаң жиегінде тұрып бірдеңе істейтіндей бұл жер цирк емес. Алаң сыртында маған ұстамдылық керек. Біздің команда Еуропадағы ең жас ұжымның бірі. Мен сайқымазақ емес, мен - бапкермін», - деген еді «Челсидің» бас бапкері матч соңында. Айта кетейік, 29 ойыннан кейін «Челси» 43 ұпаймен 10-шы орында келеді. АПЛ-де 31 турдан кейін бірінші орында “Арсенал” тұр. Екінші және үшінші сатыларға тиісінше “Ливерпуль” мен “Манчестер Сити” командалары жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×