Зайнутдиновтың клубы соңғы минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.04.2024, 12:29

Кеше Түрік Суперлигасының 31-ші турының аясында «Бешикташ» сырт алаңда «Башакшехир» командасымен жолығып, ұпай бөлісті.

Зайнутдиновтың клубы соңғы минуттарда жеңісті уысынан шығарып алды

Бұл кездесуде Қазақстан Ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алаңға алғашқы минуттардан шыққан. «SofaScore» нұсқасы бойынша бәсекеде сол қапталда ойнаған Қазақстандық футболшының өнеріне 6,9 деген баға берілді. Ойынның өзіне келер болсақ, матчтың 16-шы минутында Омар Колли алаң иелерін алға шығарды. Кездесудің 90+5-ші минутында Эмирхан Ильхан таразы басын теңестіріп, ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын.  31 турдан кейін Стамбулдық клуб Түрік Суперлигасының турнирлік кестесінде 4-ші орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік,  Бахтиер Зайнутдинов өткен жазда "ЦСКА" сапынан "Бешикташқа" ауысқан. Футболшы мен клубтың келісімі 2027 жылдың жазына дейін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×