Рамазан Оразов “Ақтөбенің” бүгінгі кездесуіне көмектесе алмайды

20.04.2024, 18:13

Футболшы УЕФА қауымдастығынан бан алды. Соған байланысты жартылай қорғаушы бүгінгі кездесуден шет қалады.

Рамазан Оразов “Ақтөбенің” бүгінгі кездесуіне көмектесе алмайды

2021 жылы Рамазан "Қайратпен" келісімшарты бола тұра, латвиялық “Даугавпилс” ұжымына ауысып кеткен болатын. Соған байланысты алматылық ұжым УЕФА-ға арызданды. "Қайрат" латвиялық клубтан ойыншыны маусым бойы жаттықтырғаны үшін үстемақы талап еткен болатын. Бірақ 3 жыл уақыт өтседе, “Даугавпилс” “сары-қаралардың” сұрағанын бермеді.  Міне соның таяғы келіп “Ақтөбеге” тиіп отыр. Футболшыны баннан шығару үшін "ақ-қызылдар" “Қайратқа” 20 мың еуро төлеуі тиіс.

26 жастағы ойыншы “Ақтөбе” үшін осы маусымда барлығы 3 ойын өткізді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
×