Рамазан Оразовтан бан алынды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
22.04.2024, 17:25

ҚФФ Президенті Әділет Барменқұловтың тікелей араласуымен Қазақстан Ұлттық құрама командасы мен «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовқа салынған бан алынды.

Рамазан Оразовтан бан алынды

Айта кетейік, 2021 жылы жартылай қорғаушы "Қайратпен" келісімшарты бола тұра, латвиялық “Даугавпилс” ұжымына ауысқан. Алматылық ұжым осы жағдайға байланысты УЕФА-ға арызданды. Тарқатып айтар болсақ, «Қайрат» латвиялық клубтан Оразовты маусым бойы жаттықтырғаны үшін үстемақы талап еткен болатын. Алайда, 3 жыл уақыт өтсе де, “Даугавпилс” бұл талапты орындамай келген. Ал енді осының барлығының зардабын “Ақтөбе” тартқалы тұрған еді. Футболшыны баннан шығару үшін қазіргі клубы “Қайратқа” 20 мың еуро төлеуі тиіс болатын. Сонымен, ҚФФ Президенті Әділет Назарбайұлының араласуымен Рамазан Оразов енді емін-еркін доп тебетін болды. Естеріңізге салайық, 26 жастағы ойыншы “Ақтөбе” үшін осы маусымда барлығы 3 ойын өткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×