Роналдо Еуропа біріншілігіндегі фаворитті атады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
15.03.2024, 11:10

Бразилия құрамасы мен Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Роналдо Еуро-2024 жеңімпазын атады

Роналдо Еуропа біріншілігіндегі фаворитті атады

Дүбірлі додадағы жеңімпаз туралы ойын әйгілі футболшы «Mail Sport Football» YouTube-арнасында айтқан болатын. «Меніңше, Испания», - деген Роналдо «Фурия роханың» биылғы бәсекеде бәсі жоғары боларын жеткізген. Айта кетейік, Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңі Германияда маусымның 14 мен шілденің 14 аралығында өтеді. Жарыс қожайындары турнирге 10 қаланың 10 стадионын даяйындап отыр. Қазіргі Еуропа чемпионы Италия құрамасы. Италиялықтар Еуро-2020 финалында Англиядан басым түскен. Ол кездегі финалдың тағдыры матч соңындағы пенальтилер сериясында шешілген болатын.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×