№17. «Ақтөбелік Де Брюйненің» футболға келуі

25.04.2020, 19:41
«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Есен Жасанов айтып берді
№17. «Ақтөбелік Де Брюйненің» футболға келуі

"Бала кезімде спорттың бірнеше түрімен айналыстым, бір кездері самбомен де, тіпті гимнастикаға 3 жыл қатыстым. Барлық бала секілді аулада доп теуіп жүргенім болмаса, футболист боламын деген үлкен арман болмады. Үлкен ағам айналысып жүрді. Бірақ оның футболи ғүмыры ұзақ болмады. Кәсіпқой тұрғыда айналыспады. Ауладағы достарым шағын футболмен шұғылданатын еді, солар мені шақырып, футзалдың қаралымына сұрандым. Есіме түспей тұр, 11-12 жасымда болу керек. Бірақ, алғашқы қаралымда мені алмады. Мен бір айдан соң, қайта бардым. Содан бастап, мен футзалмен айналыса бастадым. 3-4 жылға созылды футзалдағы ғұмырым. Бір күні Қызылордада футболдан жарыс өтеді деп, біздің бапкерден футболдан бапкер А.Ильгульдин футболистерді сұрап келді. Мен бірақ, үлкен футбол өмірі ойнап көрген емеспін. Ол жақта футбол клубтарының тәрбиеленушілері емес, жәй футбол мектерінің арасында жарыс болды. Мен алғаш рет ортада, тіреуіш-қорғаушы (опорник) болып ойнадым. Футзалда артқы шепте ойнап жүргенім болсама, қалай ойнау керектігін білмедім. Ол жақта соңғы орын алдық ау деймін. Турнир соңында мені «Үздік жартылай қорғаушы» деп танып, мені марапаттады. Күтпедім. Өзім қатты таңғалдым. Сол турнирден соң, менен бізді апарған А.Ильгульдин сұрады, «Енді қайда барасың? Футбол ма, әлде футзалға ма?» - деп, мен футзалдағы бапкермен ақылдасуым керек дедім. Содан кейін, мені Футбол орталығындағы 1998 жылғы команданың бапкері Д.Юристке мені ұсынды. Мен барған кезде маусымның соңы болып жатты да, мені командаға тіркей алмады. Мен жәй жаттығып жүрдім. Содан кейін 98-дердің бапкері ауысып кетті. Д.Юристтің орнына Ринат Мнирович келді. Солай 16 жасымда келдім футболға. Футбол орталығында 2 жылдай жүрдім. Алғаш рет, дубль құрамына іліккенде қуандым. Өйткені, дубльге түсудің өзі қиын еді. Бірақ, сол жылы ойыным жүрмей, түк шықпады. Қайта мүмкіндік бермей, маусым басындағы ОЖЖ-на шақырмады. Не істерімді білмей жүргенде, бапкерлер арқылы «Ақжайық» футбол клубының дубльіне қаралымға бардық. Менімен бірге Мади Ахмеров болды. Бізде дубльде ойнауға әлі бір жылымыз бар еді. Сөйтіп, екеуміз Оралға аттандық. Ол жақта база жоқ еді, пәтер жалдап тұруды да қақарастырдық. Бірақ, қаралымнан кейін бізді алмады, жергілікті ойыншыларға акцент жасаймыз деп. Солай біз Ақтөбеге оралдық. Сөйтіп жүргенде, мен жұмыс қарастыра бастадым. Ағам бар еді, сол мені кеңсенің күзетіші қылып жұмысқа орналастырды. Футболды қоямын деп жүрдім. 2 айдай қызмет еттім, бір күні бапкер Ринат Мнирович хабарласты. Бірінші лигада ойнайтын «Ақтөбе-Жас» футбол клубы ашылады, соған кел деп. Солай, келісім шартқа отырдым. Сол жылы 98 жылғыларға лимит болып, олар міндетті түрде ойнауы керек болды. Солай жолым болып кетті деп). Сөйтіп, мен футзалдан үлкен футболға келдім" - дейді, күні кеше 22 жасқа толған Есен Жасанов.

Р.S. Материалға ақпарат "Ақтөбе" ФК парақшасына алынды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×