2020 жылғы Әлем чемпионатының өтетін уақыты анықталды

15.07.2020, 23:13
Бұл жолы әлем кубогы жазда емес күздің аяғы мен қыс мезгілігің басында өтеді екен.
2020 жылғы Әлем чемпионатының өтетін уақыты анықталды

FIFA өзінің ресми сайтында 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына арналған матчтардың күнтізбесін жариялады.

Жарыстың ашылуына арналған матч 2022 жылдың 21 қарашасына жоспарланған және ол Эль-Хаур қаласындағы "Аль-Бейт" стадионында өткізілуі керек. Аренаның сыйымдылығы - 60 мың көрермен. Алғашқы матч - Катар құрамасының қатысуымен өтетін болады.

Топтық кезең 2 желтоқсанға дейін жалғасады және келесі күні 1/8 финалдық кезең басталады, оның соңғы ойындары 6 желтоқсанда өтеді. 9 және 10 желтоқсанда ширек финалдық кездесулер, ал 13 және 14 желтоқсанда жартылай финалдық кездесулер өтеді. Әлем кубогының финалы 18 желтоқсанда Лусаил қаласында 80 мың көрермен сыятын атақты стадионда өтеді. Үшінші орын үшін матч бір күн бұрын Дохада 45 мыңнан астам жанкүйер сыйып кететін "Халифа" аренада өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×