Қазақстандық клубтар еурокубокта қалай өнер көрсетеді?

16.07.2020, 22:00
Еуропа додасында Қазақстанның намысын 4 клуб қорғайды.
Қазақстандық клубтар еурокубокта қалай өнер көрсетеді?

Тамыз айында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен ел кубогының иегері еурокубоктың іріктеу кезеңінде өнер көрсете бастайды. Бұл жолы Еуропалық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын командаларымыздың болашағы бұлыңғыр болып көрініп тұр.

Еуропалық клубтардың дайындығы

Еуропаның көптеген лигаларында ішкі турнирлер аяқталып қойды (немесе енді аяқталады), ал кейбір чемпионаттар көктемде мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Яғни, олар алдағы Еурокубок маусымына дайындалуға уақыт алады, оларды жаңа маусым күтіп тұр, олар өздерінің келесі маусымдағы күнтізбесін жақсы біледі. Бұл күзгі-көктемгі жүйе қолданылатын еуропалық лигалардың басты артықшылығы болмақ. Олар маусымды қалай болса да аяқтай алады, бірақ біз бүкіл чемпионатты ойнауымыз керек.

Қазір ҚПЛ клубтарында ойын тәжірибесі жоқтың-қасы және маусым басталғанда оларға ауыр жүктеме беріледі.

Әрине, елдегі жағдай клубтардың жоспарларына қатты әсер етті. Шілдеде аптасына екі ойын режимінде ойнау - еурокубоктар алдындағы форманы қалыптастыру үшін ең жақсы шешім. Оның үстіне ҚПЛ матчтары ешқашан жоғалып кетпейді, демек командалар көп ойын ойнауға мәжбүр болады, егер ПФЛК тағы бір айналымды қысқартып тастамаса немесе басқа мерзімге ауыстырмаса.

«Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Қайсар» клубтары ойындар арқылы бұрынғы қалпына келе алады. Және олар қазір мүмкіндігінше жабық режимде жаттығу жасап жатыр. Содан кейін оларды өте ауыр тамыз айы күтіп тұр, онда клубтар еуропалық бәсекені ескере отырып, көптеген ойындар өткізуі керек.

Әр клуб қайта құрылымдау кезеңінен өтіп жатыр, және жаңадан келген ойыншылар да аз ойнады.

«Астанада» жаңа жаттықтырушы, көптеген жаңа ойыншылар бар, одан бөлек қорғаныс шебі қарт ойыншыларға толы. Ия, команданың әлеуеті жақсы, бірақ мұндай керемет ойыншыларға толыққанды ойын ырғағы мен командалық жұмыс қажет. Наурызда ҚПЛ басталған кезде елордалық команданың бірнеше ғана матчтар ойнап, бір-бірімен керемет түсіністік орнатты деп айту қиын.

«Қайрат» қарқынды ойын режиміне төтеп бере алады, өйткені бұл өте жас команда, сонымен қатар қорғаныс ортасында да құрамның кең таңдауы бар. Десе де, Алексей Шпилевскийге Вагнерді ойынға енгізу үшін көп жұмыс жасауға тура келеді.

«Ордабасы» қорғаныста үлкен қиындықтарды бастан өткеруде, маусымның бас жағы-ақ мұны айқын көрсетті. Қорғаныс ойыншыларының осындай таңдауымен клуб Еуропа Лигасының квалификациясында сүрінері анық. Сонымен бірге, шілде айында «Шахтермен» болған матчта шабуылдаушы футболшылардың жағдайы түзелмегенін байқадық. Және оларсыз "Ордабасы" ойыны мүлдем нәтижесіз болатынын да байқадық.

«Қайсардан» Еуропа Лигасында сәттілік күту қиын болды, тіпті қазір оның мүмкіндіктері өте аз. Клуб пандемиядан зардап шегіп, екі ойыншыны жоғалтты - қорғаушы Алексей Шумский және шабуылшы Иван Пешич. Сонымен қатар, көктемнен бері Қызылордадан бас бапкер Стойчо Младеновтің кетуі туралы көптеген сыбыстар болды.

Сіздер қалай ойлайсыздар, еурокубокте қай клубымыз сәтті өнер көрсетеді? Қай команда топтық кезеңге шыға алады?



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×