28-тур. "Қайрат" ел чемпионы атануға жақын

05.10.2015, 19:13
28-тур. "Қайрат" ел чемпионы атануға жақын
кайратҚазақстан премьер-лигасының 28-тур ойындарының аясында Шымкенттік «Ордабасы» «Ақтөбені» қабылдады. Биылғы қазақстан кубогының финалына астана мен қайрат командалары жолдама алғаннан кейін, ел біріншілігінде 4-орын алған команданың өзі де келер жылы еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік алады. Міне, осы межені діттеген «Ордабасы» әрбір ұпайға жармасуға мәжбүр еді. Оның үстіне жаңа бапкер Байсейітовтің де маусым соңына дейін өзінің біліктілігін дәлелдегісі келетіні анық. Алғашқы минуттан алға шыққан алаң иелері бірнеше гол соғатын мүмкіндік жасаған. Бірақ, бірінші тайм соңына дейін тоблодағы көрсеткіш өзгермей тұрды. Тек 38-минутта қапталдан берілген тамаша пасты тоқтатпастан қақпаға бағыттаған Эдин Юнузович Покатилов қақпасын дәл көздеді. Екінші таймда «Ордабасы» қорғанысы сыр берді. «Ақтөбенің» жалғыз шабуылшысы Сергей Хижниченко айып алаңында ашық қалды. Маркос Пизелли берген пасты алдымен қабылдап алып, одан кейін барып соққы жасаған ұлттық құрама шабуылшысы таразы басын теңестірді. Ал кездесу соңында стандарттық жағдай орын алды. Айып алаңына көтерілген пасты Александр Симчевич қақпаға дәл бағыттады. 2-1 есебімен жеңіске жеткен алаң иелері 26 ұпаймен турнирлік кестенің 4 сатысына көтерілді. Шымкенттіктер енді тіпті, «Ақтөбені» 3-орыннан ығыстыру әбден ықтимал. Қос команда арасында небірі екі-ақ ұпай айырмашылығы бар. Сырт алаңда «Ертісті» жеңген «Қайрат» алғашқы орынды ешкімге берер емес. Екінші орында «Атырауды» ұтқан елордалық «Астана». Өз алаңында жетісуды жеңген тараз 9-орында. Шахтер Тобыл арасындағы кездесуде қонақтар жеңіске жетті. Көкшетаулық «Оқжетпеске» өз алаңында жеңілген «Қайсар» турнирлік кестенің түбіне түсті.  
Турнирлік кесте
 Клуб О Ү Т Ұ Д Ұ
1  ҚАЙРАТ 28 18 6 4 55-18 38
2  АСТАНА 27 15 7 5 46-24 31
3  АКТӨБЕ 28 14 8 6 31-18 28
4  ОРДАБАСЫ 28 11 10 7 29-25 26
5  ЕРТІС 28 10 10 8 34-32 25
6  АТЫРАУ 27 9 10 8 27-28 19
7-12 орындар.
7  ТОБЫЛ 28 11 5 12 31-39 26
8  ОҚЖЕТПЕС 28 11 4 13 34-39 24
9  ТАРАЗ 28 9 6 13 23-29 21
10  ЖЕТІСУ 28 6 5 17 23-43 15
11  ШАХТЕР 28 6 5 17 22-46 14
12  ҚАЙСАР 28 4 10 14 18-32 14
  Футбол. ҚПЛ. 28-ші тур. «Ертіс» — «Қайрат» 0:2 (0:1) «Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:1 (1:0) «Атырау» — «Астана» 0:1 (0:0) «Тараз» — «Жетісу» 1:0 (1:0) «Қайсар» — «Оқжетпес» 0:1 (0:1) «Шаxтер» — «Тобыл» 1:2 (0:0)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×