Сейілда Байшақов: «Федерацияның заңды президенті бар»

08.10.2015, 01:13
Сейілда Байшақов: «Федерацияның заңды президенті бар»
baiii- Сейілда Икрамұлы, бірқатар облыста кезектен тыс конференция өткізу үшін қол жиналып жатыр деген сыбыс естілді. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? - Шыны керек, мұның барлығы күлкілі. Мен өмірімді толықтай футболға арнадым және бұл жағдайды тәжірибемде алғаш рет көріп отырмын. Аймақтық футбол федерацияларының жетекшілері мұндай шешімдерді жекелей қабылдай алмайды. Осыған ұқсас қағаздарға қол қоюға да құқығы жоқ. Жарғы бойынша олар ішкі конференцияға шақырту жіберуі керек. Онда Қазақстан футбол федерациясының қазіргі президентіне сенімділік немесе Республикалық конференцияға шақырылым сияқты маңызды сұрақтар қаралады. Шақырту үшін аймақтық конференцияның тәртіптері мен мерзімдері бар. Сол себепті аймақтық федерацияларға арандатушылыққа жол бермей өзге адамдармен байланысқа түспеуіне кеңес беремін. Біздің заңды президентіміз - Ерлан Қожағапанов. Ол конференцияда ресми сайланды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×