Қанат Мұсатаев, «Оңтүстік» футбол академиясының жетекшісі: - Қазақстан футбол федерациясы академиясының түлектері ұлттық құраманың негізгі резерві болмақ

09.10.2015, 21:42
Қанат Мұсатаев, «Оңтүстік» футбол академиясының жетекшісі: - Қазақстан футбол федерациясы академиясының түлектері ұлттық құраманың негізгі резерві болмақ
4 Қанат МұсатаевБүгінде Шымкент қаласында Қазақстан футбол федерациясының «Оңтүстік» футбол академиясы ашылуға толық дайын. Мұнда Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 10 мен 14 жас аралығындағы балалары тәлім алады. Жергілікті бапкерлермен бірге академияда испаниялық білікті мамандар жұмыс істейді. Пиреней түбегінен келген бес бапкердің Испанияның үздік мектептері саналатын «Барселона» мен «Реал» клубтарында тәжірибесі бар. Карлос Феррер, Жорди Гратакос және Жасин Магрино топтармен жұмыс істейді. Дене даярлығына жауапты - Марк Кастеллсагие. Ал, қақпашылардың жаттықтырушысы - Микель Туозон. 1 Жасин Магрино- Мен Қазақстанға келгенімді мақтан тұтамын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен өңірлердегі бұқаралық және балалар футболын дамытуға баса назар аударатынын білемін, - деп испаниялық маман Жасин Магрино өз пікірімен бөлісті. - Екі ел өзара тығыз байланыс орнатып келеді. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде алғашқылардың бірі болып Испания мойындады. Осының арқасында екі ел арасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар берік қалыптасты. Енді футбол арқылы да әріптестік орнатып жатқанымыз қуантады. Дәл осындай бірнеше академия ашылатынын білемін. Ал, біз өз білімімізбен тек қана Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, Қазақстанның барлық өңірін қамтуға тырысамыз. - Шымкентке тамыз айында келдік. Осы уақыт ішінде оңтүстік өңірдің әр аумағынан 10-14 жас аралығында 600-ден астам баланы қарадық, - дейді испаниялық маман Микель Туозон. – Олардың ішінен 66 бала іріктеліп алынды. Әр топта 22 бала болады. Қаңтар айынан бастап 2004 жылғы балалардан құралған тағы бір топ қосылады. Әрі қарай жылына бір топтан қосылып отырады. 2 Микель Туозон- Қазақстан футбол федерациясымен оңтүстік аймақта мемлекеттік-жекелей әріптестік бойынша академия ашу жөнінде келісімге келдік, - дейді «БИІК» футбол базасының директоры Бауыржан Әбдубайытов. - Шымкенттегі академия барлық қажетті жабдықтармне жасақталған. «БИІК» базасында жаңа қонақүй бар мен 9 футбол алаңы бар. Оның жартысынан көбі табиғи алаң. Академия құрылысын жүзеге асыру бағдарламасы Шымкенттен басталғаны ұнады. Өйткені, Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы қолайлы. Оның үстіне инфрақұрылым дайын. Біздің өңірде футболмен шұғылданатын балалардың саны да көп. - Айта кету керек, Елбасының қолдауымен бұқаралық футбол мен балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне тартылған балалардың саны өсіп келеді. Бүгінде олардың саны - 400 мың, - дейді «Оңтүстік» футбол академиясының жетекшісі Қанат Мұсатаев. - Соңғы жылдары Кәсіпқой футбол лигасының клубтарында 14 футбол орталығы ашылды. Онда 5 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Қазақстан Республикасының төрт аймағында футбол академиясы ашылғаннан кейін тағы 500 балаға арта түспек. Бірнеше уақыттан кейін Қазақстан футбол федерациясы академиясының түлектері ұлттық құраманың негізгі резерві болмақ. Бұл арқылы алдағы екі-үш жылда балалар және жасөспірімдер футболының ерекше пирамидасы құрылмақ. Оның негізі бұқаралық балалар және жасөспірімдер футболы болмақ. Әрі қарай балалар және жасөспірімдер спорт мектептері мен клубтардың футбол орталықтарына өтеді. Пирамиданың басында аймақтық футбол академиялары тұрады. Олар - Өскемен («Шығыс» футбол академиясы), Шымкент («Оңтүстік»), Ақтөбе («Батыс») және ең бастысы - еліміздің жүрегі Астанада орналасады. - Академияны ұстап тұру қымбатқа түсе ме? - Академияның үш құрылтайшысы бар. Футбол инфрақұрылымы мен қонақүйді «БИІК» ұсынады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі академияны жартылай қаржыландырады. Ал, Қазақстан футбол федерациясы балалар мен жаттықтырушыларды қамтамасыз етеді. Спорттық жабдықтарды да федерация ұсынады. Испаниялық мамандар «БИІК» базасындағы қонақүйде жатады. Бұл жақта жаттығуларын өткізеді. Өзге аймақты балалары да осында орналасады. Барлығына жағдай жасақталған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×