А сериясының өткен маусымдағы ең үздік жас ойыншысы «Атлетикоға» ауысуға өз келісімін берді

21.08.2021, 18:20
«Фиорентина» бұл шабуылшыны сату арқылы кем дегенде 100 миллион еуро алғысы келеді.
А сериясының өткен маусымдағы ең үздік жас ойыншысы «Атлетикоға» ауысуға өз келісімін берді

21 жастағы "Фиорентина" клубы мен Сербия құрамасының шабуылшысы Душан Влахович жазғы трансферлік кезеңде көп команданың назарын өзіне аудартты.

Италиялық журналист Николо Скираның хабарлауынша, "Атлетико Мадрид" футболшымен жеке келісім-шарт талаптары бойынша нақты бір мәмілеге келген. Бірақ "Фиорентинамен" ортақ тіл таба алмауда. Мадридтік клуб ойыншы үшін 75 миллион еуро төлеуге дайын, бірақ италиялық клуб сербиялық шабуылшыны сатқысы келмейді және жақын арада ойыншымен жаңа келісім-шартқа отыруды көздеп отыр.

Өткен маусымда Влахович А Сериясының 37 матчында 21 гол соғып, чемпионаттың үздік жас ойыншысы атанды. 21 жастағы сербиялық форвард "Фиорентина" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Влахович италиялық клубқа "Партизаннан" ауысып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×