Ағылшын Премьер-Лигасы. Жарылған бас. Балаша қуанған "Энфилд"

30.11.2014, 04:38
Ағылшын Премьер-Лигасы. Жарылған бас. Балаша қуанған "Энфилд"
Ағылшын Премьер-Лигасының 13-ші турында "Ливерпуль" өз алаңында "Сток Ситиді" қабылдаған болатын. Матч алдында: "бүгінгі ойын нәтижесі Брендан Роджерстың тағдырын шешеді екен, жеңбесе орнынан кетеді-мыс"-деген әңгімелер таралып кеткен Бұқаралық Ақпарат Құралдарында. Шындыққа да жанасатын әңгіме еді, соңғы кездегі "Ливерпульдің" нәтижесі жанкүйерлер риза емес екені түсінікті. Сондықтан қалай болмасың Брендан Роджерстың командасы бас жаттықтырушысы үшін қалай да жеңуі тиіс болатын. Бірінші таймда Брендан үшін қасық қаны қалғанша шайқасатын жігіттерді байқамадық "Энфилд Роуд" алаңында. Іш пыстырарлық ойын болды. Коутиньо мен Стерлинг белсендік танытқанымен, жарытып шабуылдай алмады. Қонақтардың да қорғанысы сыр бермеді. Білікті бапкер Марк Хьюз "қызылдардың" шабуылдарын басталмай жатып-ақ қалай тұншықтыру керек екендігін шәкірттеріне ұқтыра біліпті. Екінші таймда іске белсене кірісті "Ливерпуль". Хендерсонға сәл ғана дәлдік жетіспеді. Қонақтар да жауап беріп жатты. Боян мен Диуфтың соққыларын атауға болады. Стерлинг те соққы бағыттағанымен қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Негізі, екінші тамйдағы Ливерпульдің ойынына сүйсіндік. Команда ойнайды, жартылай қорғаныста Коутиньо, Хендерсон, Стерлингтер бар. Шабуылды қолдауға дайын. Бірақ, сол шабуылдарды бір-ақ соққымен аяқтайтын шабуылшы жоқтын қасы. Стерлинг қарсылас айып алаңында пас бергенде шабуылшы Ламберттің артқы жартылай қорғаушының артында жүргенін қайтерсіз? Лейва шабуылшы емес, әрине, салқынқандылық жетіспеді. Қақпашыға тура бағыттай салды. Бірақ, сол Ламберт те шабуылда көмегін тигізді. Соның баспен бағыттаған соққысынан кейін доп қақпа маңдайшасына тиіп, кейін серпілді де оған бірінші болып Глен Джонсон үлгеріп, есепті ашты. Ал, "Стоктың" қорғаушысы бұл кезде Гленның басын теуіп үлгерген еді. Нәтижесінде бас жарылды, бірақ гол да салынды. Брендан Роджерс те орнына алаңдамаса болады. «МЮ» торжествует в игре с «Халлом» Манчестер ЮнайтедХалл Сити 3:0 Голдар: Смоллинг, 16, Руни, 42, Ван Перси, 66 Вест БромвичАрсенал 0:1(0:0) Гол: Уэлбек, 60

Турнир кестесі 

 
1  ЧЕЛСИ 12 10 2 0 30-11 32
2  САУТГЕМПТОН 12 8 2 2 24-6 26
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 12 7 3 2 24-13 24
4  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 13 6 4 3 22-15 22
5  ВЕСТ ХЭМ 13 6 3 4 21-16 21
6  АРСЕНАЛ 13 5 5 3 21-15 20
7  СУОНСИ СИТИ 13 5 4 4 17-14 19
8  НЬЮКАСЛ 13 5 4 4 14-16 19
9  ЭВЕРТОН 12 4 5 3 22-19 17
10  ТОТТЕНХЭМ 12 5 2 5 16-17 17
11  ЛИВЕРПУЛЬ 13 5 2 6 16-18 17
12  СТОК СИТИ 13 4 3 6 13-16 15
13  КРИСТАЛ ПЭЛАС 13 3 4 6 18-22 13
14  ВЕСТ БРОМВИЧ 13 3 4 6 13-18 13
15  САНДЕРЛЕНД 12 2 7 3 12-19 13
16  АСТОН ВИЛЛА 13 3 4 6 7-18 13
17  ХАЛЛ СИТИ 13 2 5 6 14-20 11
18  КПР 13 3 2 8 14-25 11
19  БЕРНЛИ 13 2 5 6 9-21 11
20  ЛЕСТЕР СИТИ 13 2 4 7 13-21 10

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×