Ағылшын Премьер-Лигасына шолу

19.01.2015, 05:31
Ағылшын Премьер-Лигасына шолу
Ағылшын Премьер-Лигасында бара-бара чемпиондықтың да тағдыры шешіліп жатқан секілді. "Челсиге" қарсылас бола алар деген Пеллегрини командасы "ақсүйектерден" қалып барады. Әрине, асығыс, ерте болжам жасауға болмас. Алайда, "Манчестер Ситидің" дәл бүгінгідей ойынынан кейін, қарқыны мықты "Челсиді" тежейтініне күмән бар. "Эттихад" қожайындарынан "Арсенал" бүгін толықтай басым түсті. Ойынның барысына келер болсақ,  алғашқы бөліктің басында, алаң қожайындарының білінер-білінбес қарқынына төтеп берген "зеңбірекшілер", алғашқы шабуылын голға ұластырды. Компани қарсыласын тоқтату мақсатында, Монреальды құлатқан болатын. Төреші ойланбастан пенальти белгілеп, Санти Касорла есеп ашты. Егер де, "Арсеналдың" голына дейін, тым болмаса қалалықтар шабуыл ұйымдастыруға тырысып жүрсе, Касорланың голынан кейін меңіреу хәлге түсті. Керісінше, есеп ашып алған алаң иелерінің ойыны мен ойын оңай оқып, қауіпті қарымта шабуылдардың шет жағасын көрсетіп тұрды. Екінші таймның басында Пеллегрини командасында бірнеше мүмкіндіктер болды. Бірақ, Давид Оспина қарсылас Агуэро мен Навастың соққысын қайтара білді. Алаң қожайындары шабуылды ойлап, екінші голды жіберіп алды. Касорланың пасынан кейін, Жиру баспен соққы бағыттап есепті 0:2-ге жеткізді. Сөйтіп, Венгер мен оның жігіттері чемпиондарды тізе бүктірді. Лондондықтар жерлесі "Челсиге "тамаша сыйлық жасаумен қатар, өздері де Чемпиондар Лигасына жолдама берер төртінші орынға жақындады. Манчестер СитиАрсенал 0:2(0:1) Голдар: Касорла, 24 (пенальтиден), Жиру, 67 «Суонси» - «Челси» 0:5 (0:4) Голдар:Оскар, 1 (0:1). Диего Коста, 20 (0:2). Диего Коста, 34 (0:3). Оскар, 36 (0:4). Шюррле, 79 (0:5).

КПР – «Манчестер Юнайтед» - 0:2 (0:0) Голдар:Феллаини, 58 (0:1). Уилсон, 90 (0:2). «Ньюкасл» - «Саутгемптон» 1:2 (1:1) Голдар:Элиа, 14 (0:1). Гуффран, 29 (1:1). Элиа, 62 (1:2). «Астон Вилла» - «Ливерпуль» 0:2 (0:1) Голдар:Борини, 24 (0:1). Ламберт, 79 (0:2). «Тоттенхэм» - «Сандерленд» 2:1 (1:1) Голдар:Вертонген, 3 (1:0). Ларссон, 31 (1:1). Эриксен, 88 (2:1). Вест ХэмХалл3:0 (0:0) Голдар: Кэрролл, 49, Амальфитано, 69, Даунинг, 72 Лестер Сити-Сток Сити 0:1 Гол: Кркич 63(0:1) Бернли-Кристал Пэлас 2:3(2:1) Голдар: Ми, 12 (1:0). Ингс, 16 (2:0). Гэйл, 28 (2:1). Панчон, 48 (2:2). Гэйл, 87 (2:3).
 
1  ЧЕЛСИ 22 16 4 2 51-19 52
2  МАНЧЕСТЕР СИТИ 22 14 5 3 45-22 47
3  САУТГЕМПТОН 22 13 3 6 37-16 42
4  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 22 11 7 4 36-21 40
5  АРСЕНАЛ 22 11 6 5 39-25 39
6  ТОТТЕНХЭМ 22 11 4 7 32-30 37
7  ВЕСТ ХЭМ 22 10 6 6 35-25 36
8  ЛИВЕРПУЛЬ 22 10 5 7 31-27 35
9  СУОНСИ СИТИ 22 8 6 8 26-30 30
10  СТОК СИТИ 22 8 5 9 23-27 29
11  НЬЮКАСЛ 22 7 6 9 26-35 27
12  КРИСТАЛ ПЭЛАС 22 5 8 9 25-33 23
13  ЭВЕРТОН 21 5 7 9 30-34 22
14  АСТОН ВИЛЛА 22 5 7 10 11-25 22
15  ВЕСТ БРОМВИЧ 21 5 6 10 20-29 21
16  САНДЕРЛЕНД 22 3 11 8 19-33 20
17  БЕРНЛИ 22 4 8 10 21-36 20
18  ХАЛЛ СИТИ 22 4 7 11 20-30 19
19  КПР 22 5 4 13 23-39 19
20  ЛЕСТЕР СИТИ 22 4 5 13 20-34 17

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×